Байланыс орнату – басты ұстаным

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты бөлімшелердің бірі, 85510 әскери бөлімінің жеке құрамы өздерінің шеберлігі мен бөлімшедегі үйлесімділігін көрсетті. Дабыл бойынша іс-шаралар, шеру жасау, далалық бөлімшелердің байланысын өрістету, байланыстың барлық түрлерін ұйымдастыру, байланыс тораптарының қозғалысы, байланыс құралдарындағы оқу тапсырмалары мен нормаларын орындау, байланыс түйіндерін қатпарлау мәселелері әскери бөлімде әрдайым пысықталады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әскерлерді тұрақты, үздіксіз, жедел және жасырын басқаруды қамтамасыз ету талаптарын орындау үшін далалық байланыс орталықтарын пайдаланудың максималды тиімділігіне қол жеткізу. Далалық спутниктік кешен 300 – бейне конференциялық байланысты орындауға мүмкіндік береді. Үш терминалдан тұратын құрылғының спутниктік антеннасы, терминалы мен бейне байланыс орнатуға мүмкіндік беретін жүйесі бар. Ғарышта орналасқан спутникпен тікелей қосылатын кешен, ашық каналдар арқылы байланысты жасырын түрде жүргізе алады. Отандық өнім Петропавл қаласынан шығарылған, құпияланған құрылғыны байланыс орнатушылар қауіпсіз деп танып отыр. Елдің шетінде, желдің өтінде тұрып, ұлан-ғайыр жерімізді қызғыштай қорғап, халық тыныштығын қамтамасыз ету – кез келгеннің қолынан келе бермейтін қиын қызмет. Сол қызығы мен шыжығы қатар жүретін абыройлы міндетті арқалаған мамандық иелері – әскери байланысшылар.Сала мамандары түн демей, күн демей міндеттерін мінсіз атқарып келеді. 85510 әскери бөлімінде материалдық-техникалық база заман талабына сай жаңартылуда.  Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты еліміздегі әскери байланысшыларды дайындайтын жалғыз ғана оқу орны. Ел президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында, бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы терең цифрландыру болып табылатындығын атап өтті. Осыған байланысты әскери байланыс күрделі даму жолын бастан өткеруде. Талап пен міндеттерге уақытылы қызмет көрсеткен «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери байланысшыларының алар асуы әліде алда дейді әскери бөлім командирі. Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында құрастырылуы Петропавл қаласында жүзеге асырылған қазақстандық өндірістің жаңа байланыс құралдары, яғни, радиостанциялар пайдаланылды. Сонымен қатар әскери байланысшылар оқу-жаттығуды өткізу орнында онлайн режімінде деректерді тарату мүмкіндігі бар байланыс құралдарын қолданды. Сондай-ақ бұл байланыс құралдары бейнетрансляция жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл оқу-жаттығу байланыстың телеграфтық, телефондық, радио байланысымен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда қажетті практикалық дағды мен жоғары жауынгерлік машықты арттыруға мүмкіндік туғызды. Сондай-ақ жаңа технологиялар қолданылды, жерсеріктер арқылы осы байланысты жүзеге асыратын ғарыштық байланыс станциясы. Байланыс батальонына  әскерлерінің жыл сайынғы дайындығы шеңберінде радиотелеграфшылардың жиыны өткізіліп жатыр. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді Морзе әліппесінің көмегімен ақпарат беру үшін классикалық телеграф кодымен жұмыс істеуге үйретеді.«Морзе» шуға төзімділігімен еркшеленеді. Оны бәсеңдету өте қиын. Ақпаратты символдық кодтау арқылы беру және қабылдау әр түрлі жылдамдықта жүреді. Орта білікті радио операторы минутына 60-100 таңба диапазонында жұмыс істейді, тәжірибелі мамандардың жылдамдығы 300 таңбадан асады. Байланыс әскерлерін жаңа, жоғары технологиялық машиналармен және құралдармен жабдықтағанына қарамастан, Морзе кодын қолдана отырып, радиобайланыс арқылы ақпарат беру әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Керісінше, қазіргі әскери қақтығыстарда тактикалық байланыста әскерлерді басқару кезінде оған басымдық беріледі.

Ел тыныштығын сақтап қалуға күш-жігерін аянбайтын, 85510 әскери бөлімінің командирі өз пікірімен бөлісті.

 – Әскери байланысшылар тәулік бойы Қарулы Күштерді заманауи, тиімді және сенімді байланыспен қамтамасыз етумен айналысады. Олар қару-жарақ пен әскерлерді басқару жүйесінің жұмысын сапалы деңгейде жүргізіп, байланыс тораптары мен техникалық құралдардың жарамдылығын бақылайды.  Қазіргі кезде Қарулы Күштерде заманауи байланыс құралдарымен жабдықтау, оларды стандартизациялау және ақпаратты жолдаудың сандық әдісіне толықтай көшу бойынша біршама жұмыс атқарылуда. Қазақстандық байланысшылар ауқымды халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығуларға ұдайы түрде қатысады,деп атап өтті өз сөзінде, байланыс батальонының командирі майор Дәулет Сейтжапаров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Өнерліні өрістеткен – «Екі жұлдыз»

Дүй Қар 13 , 2023
Оқылды: 222 ҚР Қорғаныс Министрлігі Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінде биыл, тұңғыш рет «Екі жұлдыз» байқауы бастау алды. Мектеп ұстаздарымен жұптаса ән шырқап, оқушы жүрегінен орын алған мамандар мен тәрбиеші офицерлердің өнері ел көңілінен шықты. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе […]