БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі мен Halyk банк қоршаған ортаны қорғау үшін күш біріктіреді.

Алматыда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында ”Reuse. Recycle. Reduce” тұрақты сән және өнер шарасы өтті. Іс-шараны БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) және елдің жетекші банкі Halyk ұйымдастырып, кең аудиторияны тартып, қатысушыларды пластикалық ластануға қарсы жаһандық күреске қосылуға шабыттандырды.

Halyk Alañy алаңында өткен шара барысында қонақтар Молдақұл Нарымбетов пен Саид Атабековтің қайта өңделген материалдардан жасалған арт-инсталляцияларының бірегей көрмесін тамашалады. Бұл өнер туындылары пластикті қолдану мен оның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты түрлі проблемаларды айқын көрсетті. Іс-шараның ең қызықты сәттерінің бірі – жас дизайнерлердің жаңа қағидасы бойынша жасаған киім топтамасының көрсетілімі болды. Бұл шығармашылық киімдер қоршаған ортаны сақтауға көмектесетін тұрақты сән әлеуетін көрсететін материалдарды қайта пайдалану және қайта өңдеу идеясын жүзеге асырды.

Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі-Стори іс-шара қонақтарына сөйлеген сөзінде: «Біз өнер мен сәннің өзгерістер мен хабардарлықты арттыру үшін үлкен әлеуеті бар екеніне сенімдіміз. Арт инсталляция көрмесі мен сән көрсетілімдері бізге шығармашылық пен инновация ресурстарды тұрақты пайдалануға және қалдықтарды азайтуға қалай әкелетінін көруге мүмкіндік берді. Пластмассаның ластану қасіретібүкіл әлем бойынша әрбір қауымдастыққа әсер ететін көрінетін қауіп. Біз үкіметтер мен бизнестен азаматтық қоғамға дейінгі барлық секторларды шешімдерді табу және қолдау үшін бірігуге шақырамыз. Біз бірге оң өзгерістерге қолжеткізе аламыз және біз үшін және болашақ ұрпақ үшін тұрақты және жасыл болашақ жасай аламыз», деді.

Қоршаған ортаны қорғаудағы жеке жауапкершілік пен бірлескен күш-жігердің маңыздылығын Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті:

«Halyk өз қызметін жоғары қаржылық көрсеткіштерге назар аударып қана қоймай, әлеуметтік және экологиялық жауапты Банк болуға ұмтылады. Біз ESG халықаралық стандарттарына сәйкес есебін жариялай бастаған және БҰҰ Жаһандық шартына қосылған алғашқы қазақстандық банк болдық. Бізжасылнесиелеу туралы келісім аясында қаржыландыруды бірінші болып бастадық. Қол жеткізілген жетістіктер үшін мақтанышпен біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз және клиенттерімізді, әріптестерімізді және серіктестерімізді жасыл және саналы қоғам құруүшін күш біріктіруге шақырамыз. Біз таңдалған мақсаттардың дұрыстығына деген сенімділіктен және жақсы нәтижеге жетуге ұмтылудан шабыттанамыз. Бүгін біз іс-шараның барлық қонақтарын және тұрақтылық пен қайталама пайдалану тақырыбына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін талантты дизайнерлерді қарсы алуға қуаныштымыз».

Өнер арқылы қайта пайдалану тақырыбын ашу Halyk үшін қалыптасқан дәстүр екенін айта кеткен жөн. 2018 жылы банктің Алматыдағы бас кеңсесінің кіреберісінде утилизацияланған көліктердің бөлшектерінен жасалған Зұлхайнар Қожамқұловтың «Мерген» мүсіндік композициясы орнатылды. Стеймпанк өнер нысаны тарихпен жаңа технологиялардың, көнелік пен қазіргі заманның синтезі идеясын бейнелейді. Мүсін қала пейзажын тамаша толықтырып, тұрғындар мен туристерді қызықтыратын орындардың біріне айналды, ал орындаудың өзіндік техникасы елімізде де, шетелде де кең танымалдыққа ие болды.

Іс-шараның тағы бір маңызды бөлімі – «Jip-Jinamé» клубы ретінде алғаш рет өнер көрсеткен қазақстандық жас өнерпаздардың (Адель Біләлова, Аружан Жұмабек, Дария Нұртаза, Зайнап Балагудинова, Медина Базарғали) өнер көрсетуі.

 «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 2023 бұл үкіметтерді, жеке секторды және өнеркәсіпті тағы да көбірек инвестициялауға және пластикалық ластануды тоқтату үшін шешімдерді енгізуге шақыру мүмкіндігі. Пластикалық ластану адамзаттың да, планетаның да денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Ол үштік планеталық дағдарысқаклиматтың өзгеруіне, биоәртүрліліктің жоғалуына, ластануға және қалдықтарға ықпал етеді. Бұл Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінің тақырыбы пластикалық ластануды тоқтатудың және айналмалы экономикалық модельге көшудің мүмкін жолдарын көрсетеді», – деп қорытындылады ЮНЕП Орталық Азиядағы жетекшісі Айдай Құрманова.

Биыл 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін бекіткеніне 50 жыл толады. Жыл сайын әлемде 400 миллион тоннадан астам пластик өндіріледі, оның жартысы бір реттік пайдалануға арналған. Оның ішінде тек 10 пайызға жуығы қайта өңделеді. Жыл сайын көлдерде, өзендер мен теңіздерде19-23 миллион тонна пластик жиналады деп есептеледі. Лақтырылған немесе өртенген бір реттік пластик адам денсаулығы мен биоәртүрлілікке зиян келтіреді және тау шыңдарынан мұхит түбіне дейінгі барлық экожүйелерді ластайды.

“Reuse. Recycle. Reduce” қазақстандықтардың шабыталуына және пластиктің ластануы проблемасымен күресуге өз үлестерін қосуға мүмкіндік берді. Іс-шара #BeatPlasticPollution халықаралық үндеуінің маңыздылығын растады және әрбір адамның күнделікті өмірінде тұрақты және жауапты шешімдер қабылдау қажеттілігіне назар аударды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Астанадағы №1-мектепте зағип балалар оқиды

Жұм Мау 2 , 2023
Оқылды: 285 Бүгінгі таңда біздің елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Соңғы 10 жылда бүкіл әлемде және Қазақстанда зағип балалардың саны бірнеше есе өсті. Әлемнің дамыған елдерінде балалардың дамуындағы ерекшеліктер ауру ретінде емес, жағдай ретінде қабылданады және сәйкесінше олар ерекше балалармен жұмыс жасаудың медициналық моделінен […]