«ҚазМұнайГаз» бен Шеврон білім мен тәжірибе алмасуға келісті

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен «Шеврон» корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс адами капиталды дамыту және қазақстандық мамандармен білім мен тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім Қазақстанның мұнай-газ секторы мамандарының кәсіби дамуы мен тәжірибе жинақтау мәселесінде ынтымақтастықты көздейді. Ол бойынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері «Шевронның» негізгі бөлімшелерінде тағылымдамадан өтеді деп жоспарланып отыр.

«ҚазМұнайГаз» бен «Шевронды» көп жылдық жемісті ынтымақтастық байланыстырады, біз ірі мұнай-газ жобаларын бірлесіп жүзеге асырып келеміз. Бүгін ынтымақтастық туралы келісімге қол қоя отырып, біздің компаниялар қазақстандық мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу және кәсіби дамыту саласында серпінді өзара іс-қимылдың келесі кезеңіне өтті. «Шеврон» компаниясына «ҚазМұнайГазға» көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіргім келеді. Еліміздің энергетикалық секторының және жалпы Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ете отырып, әріптестігіміз одан әрі нығая беретініне сенімдімін»,- деп атап өтті ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

«Шеврон» компаниясының Қазақстандағы қызметі сенімділік, ашықтық және серіктестік негізінде құрылады. Біздің берік қарым-қатынасымыз елдің экономикасын дамытуда, жаңа жұмыс орындарын ашуда, жергілікті бизнесті қолдауда, қауымдастықтарды құруда, мүмкіндіктерді арттырып, тұрақты дамуды ілгері жылжытуда катализатор қызметін атқаратынын мақтан тұтамыз, – деді Магнесс мырза. – Серіктестігіміздің басынан бастап біздің негізгі мақсатымыз – Адами Капиталды тұрақты дамыту. Себебі, адамдар – біздің ең құнды ресурсымыз. ҚМГ компаниясымен жасалған келісім қазақстандық мамандардың мүмкіндіктерін арттыруға көмегін тигізетініне кәміл сенеміз».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Шеврон мен QazaqGaz жаңа келісімшарт жасады

Сәр Қыр 28 , 2022
Оқылды: 423 “Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді.  “Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдед Алматы қ. Қазақстан – 2022 жылғы 28 қыркүйек – “Шеврон” корпорациясы өз филиалы “Шеврон Мұнайгаз Инк.” (бұдан әрі – Шеврон) компаниясы арқылы […]