Қазақстанда алғаш рет қазақ тілінде «Sana Business Forum» өтті

Sana Business Forum» білікті де белсенді қаржыгерлер, экономистер және кәсіпкерлердің басын біріктіре отырып, экономика, бизнес және қаржы салаларында тәжірибе алмасуға және өзекті мәселелердің шешімін табуға септігін тигізетін кәсіби платформа.

Форумның басты мақсаты Үкімет, бизнес және ғылым арасында байланыс орната отырып, ел экономикасының даму мәселелері, сын-қатерлері және мүмкіндіктерін талқылау.

Бизнес форумға 50-ден аса сарапшы мен қонақ шақырылып, 300-ден астам қатысушы келді.

«Sana Business Forum» спикерлерінің қатарынан сіздер ұлттық экономика министрлігінен және ауыл шаруашылық министрлігінін өкілдерін, экономист Құлекеев Жақсыбек Әбдрахметұлын, экономист Мақсат Халықты, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы- Райымбек Баталов Әнуарұлын, TasGroup қаржы компаниялар тобының негізін қалаушы әрі басшысы Дулат Тастекей Тұрсынұлын, Сентрас Иншуранс сақтандыру компаниясының персонал жөніндегі директоры, персонал жөніндегі менеджерлер қауымдастығының мүшесі Айгүл Қуатқызын, Trade Help бизнес консультанты, Халықаралық HR клубының мүшесі Егембердиева Аиданы, кәсіпкерлерден Golden Bridge Partners серіктесінің негізін қалаушы және директоры Jańa Post компаниясының негізін қалаушы Болатбек Дәлелханұлын, «QAZHEALTH TRADE» ЖШС директоры Айтуған Мұқашевты, SONA lab, Med Progress, Nomad Goldman Logistics, Acvee Finance компанияларының негізін қалаушы Аслан Назаралиевті, кәсіпкерлер Майгарина Гульбану мен Бахтияр Өсербекұлын, «Lactomarin», «Lamifaren» және тағы басқа тауар белгілерімен танылған компаниялардың негізін қалаушы Әділбек Тұрғынбайды, EASYTAP жобасының негізін қалаушысы Мағзұм Төлешті, Mercury Properties компаниясының стратегиясы мен бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әмірхан Омаровты, Америкалық AES корпорациясының Арлингтондағы бас кеңсесінде робототехника мен дрондар жөніндегі бағдарламаның жаһандық жетекшісі Әсел Аяпованы, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ғылым департаментінің директоры, PhD докторы Нұрлыбаев Руслан Ерғалиұлын және басқа да іскер азаматтарды көре аласыздар. Бұдан бөлек 50-ге жуық ел арасында тынылып жүрген зиялы азаматтар, ғалымдар, кәсіпкерлер, экономистер, сарапшылар қонақ ретінде қатысып жатыр.

Форумның бағдарламасы III панельдік сессиядан тұрады. Панельдік сессияларда шағын және орта бизнесті масштабтау, мықты команда құру және кәсіптегі иновациялар тақырыптары аясында баяндамалар оқылып, пікірлер талқыға салынады.

Понельдік сессия тақырыптары:
шағын және орта бизнес дамуы: экспорттау және масштабтау мүмкіндіктері;
мықты команда құру: Бизнестегі тиімділік және нәтижелілік;
инновациялар және Data Science: Кәсіптің жаңа тыныстар.
Форумға еліміздің белгілі БАҚ өкілдері қатысуда. Сонымен қатар Youtube желісі арқылы тікелей эфирден көрсетіліп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркияның туристік орындарын белесебетпен аралаңыз

Сей Там 15 , 2023
Оқылды: 906 Түркиядағы қысқа және ұзақ қашықтыққа арналған велоспорт маршруттары елдің табиғи сұлулығын, тарихын, өнері мен мәдениетін, тағамы мен қолөнерін велосипедте тамашалағысы келетіндерге ерекше мүмкіндік береді. Түркияның ғажайып ежелгі қалалары, әсем ауылдары мен табиғи саябақтары арқылы велосипедпен жүру ерекше әсерлер мен естеліктер береді. Сонымен қатар, көптеген қонақүйлер мен хостелдерде саяхатыңызды […]