Ауылшаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Елордада «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ ұлттандыру және Қазақстандағы ұлттық стейкхолдерлердің хабардар болу деңгейін арттыру» Семинары онлайн және офлайн түрде ұйымдастырылды.

2021 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстандағы ФАО байланыс және әріптестік жөніндегі бюросы (ФАО) «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясымен бірлесіп ФАО «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ ұлттандыру және Қазақстандағы ұлттық стейкхолдерлердің хабардар болу деңгейін арттыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ ұлттандыру және Қазақстандағы ұлттық стейкхолдерлердің хабардар болу деңгейін арттыру» атты семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына байланысты ТДМ міндеттері туралы хабардар болу деңгейін арттыру.
Семинар шеңберінде ФАО «Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ имплементациялаудың ағымдағы жай-күйі» тақырыбындағы зерттеуінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ Қазақстанда ТДМ ұлттандыру жөніндегі жол картасы ұсынылды.
Іс-шараға Қазақстан Парламентінің депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан фермерлері қауымдастығының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және басқалар қатысты.
Семинарда ілеспе аударманы қолдана отырып, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жалғасты.

Анықтама: ФАО прогрестің мониторингіне, әдіснамалық әзірленуді қамтамасыз етуге және ТДМ 2, 5, 6, 12, 14 және 15 қол жеткізудің 21 көрсеткіші бойынша әлеуетті тиісінше өсіруге үлес қосуға жауапты БҰҰ-ның жауапты мекемесі ретінде, сондай-ақ ТДМ 1, 2, 14,5 тағы төрт индикаторы бойынша ынтымақтасатын мекеме ретінде әрекет етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Шеврон" компаниясы инвестициялық сайт ашты

Сәр Жел 29 , 2021
Оқылды: 981 2021 жылғы 29 желтоқсанда – “Шеврон” компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі “Шеврон Мұнайгаз Инк.” бүгін Қазақстандағы Тікелей инвестиция қорына қатысты веб-сайтты іске қосқанын хабарлады – www.cdif.kz 2021 жылғы 29 желтоқсан – “Шеврон” компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі “Шеврон Мұнайгаз Инк.” бүгін Қазақстандағы Тікелей инвестиция қорына қатысты веб-сайтты іске қосқанын хабарлады – www.cdif.k […]