Стамбұлдың Эйупсұлтан ауданында орналасқан және 18 ғасырдың ортасында салынған Рами казармасын түпнұсқаға сәйкес жүргізілген қалпына келтіру, қайта құру және құрылыс жұмыстарынан кейін Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан Рами кітапханасы ретінде қонақтарына есігін айқара ашты. Рами кітапханасы – өзіндік ерекшеліктері бар Стамбұлдағы ең үлкен әрі Еуропадағы санаулы кітапханалардың бірі болып саналады. […]
«Шеврон» – 1993 жылы Қазақстанмен әріптестік орнатқан алғашқы халықаралық энергетикалық компаниялардың бірі. Сол кезден бастап “Шеврон” прогрестi Қазақ қоғамындағы аса маңызды салаларды дамытуға ықпал еткен алып қуаттың көзіне айналды. Отыз жылдық тарихы бар стратегиялық серіктестік барысында «Шеврон» мыңдаған жұмыс орындарын ашып, отандық тауарлар мен қызметтерді пайдаланып, жергілікті мамандарды жетілдіруге күш […]
Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің оқушылары арасында жыл сайынғы «Жігіт сұлтаны» байқауының бірінші кезеңі өтті. Сайысқа тоғыз оқушы қатысты. Байқау үш кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде «Тегімді менің сұрасан. Жеті ата» атты тақырыпта сайысқа қатысушылар өздері және шежірелері туралы әңгімеледі. «Көңілі ояу, […]
Саран қаласында дәстүрлі жас офицерлер балы өтті. Шараға «Астана» өңірлік қолбасшылығы және полиция департаменті мен әскери прокуратура, басқа да күш құрылымдарының әскери қызметшілері қатысты. Барлығы 20 жұп өнер көрсетті. Қатысушылар бір күнге қатал тәртіп пен әскери форманы ұмытып, салтанатты шараға арналған киімдерімен мың бұрала биледі. Жалпы, қаламызда жас офицерлердің облыстық […]
Желтоқсанның 1-і мен 7-і аралығында Қарулы күштердің әскери басқару органдары мен құрамаларында, әскери бөлімдері мен мекемелерінде жауынгерлік әзірлік бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар өтіп жатыр. Іс-шараларға Қарулы күштердің барлық жеке құрамы тартылған. Кезекші күштер мен құралдардың жаттығулары өткізілу үстінде. Әскери басқару органдары мен әскерлерді дайындау басқа әскерлермен және әскери құралымдармен өзара […]
Орталық аймақтың әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмәділовтің бастамасымен Қарағанды гарнизонында әскери сала мамандарының қатысуымен әскери білім орындары мен бөлімдердегі құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жиналыс өткізілді. Қарағанды гарнизонына қарасты Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдері мен оқу орындары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, орын алар қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып […]
2023 жылдың 25 қарашада (сенбі) сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында (Алматы қ.) Өкпе обырының алдын алу және ерте диагностикалау бойынша «Өкпе обырының алдын алу және диагностикалау» тақырыбында Ашық есік күні өтеді. Консультацияға ерлер мен әйелдер шақырылады, әсіресе көп жылдық тәжірибесі бар темекі шегушілер. Егер сізде: […]
ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастыруымен Өзбекстан астанасы Ташкент төрінде 2 желтоқсан күні мерекелік концерт өтті. Концертке Ташкент тұрғындары мен студент жастар қатысты. «Туркистон» өнер сарайындағы концерттік шарада жастар сүйіп тыңдайтын қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Концерттің басты мақсаты- ағайынды екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, қандастарымызға, соның […]
Түрік кофесі үйлерді, кеңселерді, кафелерді және ең соңында көшелерді толтыратын керемет хош иісімен түрік дәстүрлерінің ажырамас бөлігі және Түркияға сапарыңыз кезінде алатын ең керемет және жағымды тәжірибелердің бірі болып саналады. Түркияда түрік кофесі адамдарды жақындастырып, қарым-қатынас жасауға көмектесетін әлеуметтік медиатор болып табылады. Түркиядағы кофенің рөлі соншалық, маңызды кездесулер мен түстен […]
Бос уақытында жаңа маршруттарды зерттегісі келетін саяхатшыларға бірегей тәжірибе беретін кемпинг барған сайын танымал бола түсуде. Түркия керуеншілер үшін көптеген нұсқалар мен қызықтыратын бағыттарды ұсынады. Түркияның жасыл және көк пейзаждары, көне қалалары мен әдемі ауылдары, сонымен қатар дәмді тағамдары Түркияны дөңгелекпен саяхаттауға тамаша таңдау жасайды. Эгейден Жерорта теңізіне дейін Чанаккаледен […]