Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас Ұлан» мектебінің оқушылары «Айбын» Х Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары мен Гран-при иегерлері атанды. Жастардың әскери-патриоттық жиыны Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығында өтті және №1 Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы […]
Қазақстан Республикасының қарулы күштері запастағы офицерлер мен сержанттармен толықты. Салтанатты жағдайда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әскери кафедрасының 517 түлегі ант қабылдады. Салтанатты шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Құдайберген Бексұлтанов, университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абай Қалықов, әскери кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, түлектердің ата-аналары мен достары қатысты. Құдайберген Бексұлтанов студенттерді Әскери […]
Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) бірлесіп «Қазақстандағы климаттық орнықтылықты қамтамасыз ету және жайылымдық жерлерді қалпына келтіруге арналған агроорман мелиорациясы» жобасының басталғаны туралы хабарлады. Жоба жер өнімділігін қалпына келтіруге бағытталған. Осы негізде ауылдық қоғамдастықтардың әлеуетін арттыру және жер ресурстарын тұрақты басқару әдістерін ілгерілету, Қазақстанның нысаналы тозған ландшафттарында орнықты […]
Жаңалықтардан үнемі еститін шығарсыздар жасанды интелект, нейро жүйе, IT технологиялардың дамуы деген тақырыптарда үнемі мақалалар жарық көріп жатады. Соңғы ғасырдың жартысынан бері түрлі елдің ғалымдары адамның санасы сияқты әртүрлі функцияларды басқара алатын күрделі механизмді жасанды жолмен жасауға тырысып келеді. Әзірге адам санасының аналогы жасалған жоқ. Оны ғылымда «жасанды интеллект» дейді. […]
1922 жылы 11 қазанда Осман империясы ағылшындар, итальяндар және гректермен бітімгершілік келісіміне қол қойған. Осыдан кейін ғана түріктердің гректермен соғысы тоқтаған. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде мұндай бітімгершіліктің маңызы зор еді. Ал осы маңызды келіссөздер майда толқынды Мәрмәр теңізінің бойында орналасқан Мудания қаласында өткен. Осман империясының атынан өкіл ретінде генерал Мехмед […]
Бұл – 600 жылдан асқан Ұлы Джами мешіті, Сұлтан Байезид тапсырысымен салынған. Тәмсілге сүйенсек, Сұлтан Байезид «Егер мен Сірбсінді соғысында жеңіске жетсем, 20 мешіт салдырамын дейді. Айтқанындай, ол жеңіске жетеді. Бірақ уәдесін бірден орындамайды. Өйткені экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Тек 3 жыл өткен соң ғана құрылыс басталады. Алайда ол 20 мешіт […]
Түркия мемлекетіндегі алып ғимарат Айя-София мешітін әлем танитыны белгілі. Бірақ бұдан бқлек бұл елде тағы екі Айя-София мешіті бар екен. Бірі Ыстамбұл қаласында орналасқан. Ендігісі бұрынғы Никея, қазіргі Изник қаласында орналасқан. Сырт көзге жұпыны көрінгенімен әр тасында тарих бары бірден сезіледі. Ғимарат VI ғасырда византиялық император Юстиниан I-нің бұйрығымен шіркеу […]
Өткен аптаның 1-9 маусым аралығында Түркияда «Мәдениет жолы» фестивалі өтті. Бұл апталықты республика бойынша туризмді дамыту мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Осыған орай Түркияның және әлемнің жұлдыздары әр қалада жұртшылыққа жеке концерттерін қойды. Сондай-ақ көрші мемлекеттер арасында баспасөз туры да өткізілді. Аталған баспасөз турына Қазақстанның атынан Түркітілдес журналистер қорының ықпалымен Хабар […]
Буллинг термині ағылшынның “bully” сөзінен шыққан, қазақша ол – “бұзақылық”, “зорлаушы”, “қорқыту” деген мағына береді. Қарапайым тілмен айтқанда, булинг – адамды қорлау. Буллинг қоғамымыздың әр түрлі топтарында кездеседі. Оның ішінде өте жиі кездесетіні мектеп қабырғасында, мәселен жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып оқушыларын жәбірлеуі немесе бір сыныптың ішіндегі оқушылардың бір-біріне деген бұзақылық әрекеттерін атай аламыз. Негізінен осындай […]
Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын, шекара қызметінде батылдық пен табандылық танытқан әр заманның өз батырлары бар. 1994 жылдың қыркүйегінде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан кіші сержант Раджан Батырханов сол батырларымыздың көшін бастап тұр. Раджанның осыдан 30 жыл бұрын 7 сәуірде жауынгер достарымен, тәжік-ауған шекарасын қорғау кезінде, ерлікпен […]

