http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Алғашқы Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы Қарағандыдан сегіз жаңа әуе рейсін іске қосады. Сондай – ақ қаладан әуежайға жететін бағытта жаңа автобустар жұмысын бастайды. 

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Өңірдегі республикалық маңызға ие жолды қалың қардан дұрыс тазаламаған «Қазавтодор» мекемесі жауапкершілікке тартылды. Енді өз жұмысына салғырт қарап, міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін мердігер ұйым мемлекетке 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

Кең байтақ қазақ даласына көз тігіп, кімдер келіп, кімдер кетпеді?! Сол ұланғайыр жерімізді қорғау үшін қазақ не көріп, не көрмеді?! Қолдарына қылыш алып, «ӘРУАҚТАП» жауға шауып, дұшпандарын найзаға қадап, қандарын судай ағызып, еліміздің бір тұтастығын білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, ұрпақтарына бұл даланы аманаттап берді. Бірақ заман өзгерген сайын ел […]

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. «Приозерск қаласындағы әскери бөлімде Ресейдің 3500 азаматы қызмет атқарады. Олардың балалары көрші елдің бағдарламасымен оқиды. Ал, «Приозерск» атауын ауыстыруға келіспеймін»,-дейді қала әкімі Қайрат Қамзин журналистермен кездескен брифингте.  

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағандыда «Көктем 2020» оқу-жаттығуы өтті. 2015 жылы аймағымызда 118 су басқан аймақ анықталған болатын. Одан бері арнайы жұмыстар жүргізіліп, бұл көрсеткіш 5 есеге кеміді. Алайда, биыл қардың көп жауғаны себепті, өткен жылға қарағанда су басу қаупі жоғары.

Қарағандының дәл іргесінде  «Восьмидомики» деген орыс тілді атауға ие болған ауыл бар. Осы ауылдың тұрғындары «әкім келгісі келмейтін, облыс билігі тарапынан назардан тыс қалған жұртқа айналдық » деп наразы болуда. Қарағандыға 30 шақырым жерде орналасқан бұл ауыл Шахан кентіне қарайды. «Восьмидомики» ауылында әкім жоқ , бұл елді мекенге Шахан кентінің […]

Қоғамдық көліктерде ұрлық жасап жүрген ер азамат ұсталды. Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы сұғанақты «15-дүкен» аялдамасында қолға түсірген.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жеңіл атлетикадан республикалық чепионат ұйымдастырылды. Қазақстанның түрлі аймағынан 13 команда қатысқан жарыс Қарағандыда дәстүрге айналған.

«Елімізде ұлттық идеологияны қалыптастыру мақсатында ЕСЕП- Елін сүйген Ерлер Партиясы алғаш Махмет Темірұлы, Бүркіт Ысқақұлы бастаған азаматтардың ықпалымен 1941 жылы құрылған. Алайда соғыс басталып, бұл бастама тоқтап қалған. Алаш арыстарынан кейін шыққан бұл азаматтардың бастамасы Қарағандыда жалғасты»,-дейді зерттеушілер.

Айыпкерлер бірнеше айдан бері қылмыстық іспен айналысып, бір күнде 16 млн. теңгенің өнімін ұрлаған. Тексеріс барысында, олардан әскери қару-жарақ табылды. Бұл қылмысқа теміртаулық полицейлер де сыбайлас болуы мүмкін.