Ата заңым – Айбыным

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты, 31775 әскери бөлімінде Ата Заңымыздың 28 – жылдығына арналған әскери шеру өтті

Еліміздің тарихындағы бұл айтулы күн ерекше ұғым десе де болады. Егемен ел болмай оның өз Конституциясы жазылмайды, ал Конституциясы жоқ Тәуелсіз ел болмайды. Сондықтан іргелі ел болудың, табысты мемлекет құрудың негізі – нақ осы басты құжат болып табылады. 30-тамыз күні Қарағанды гарнизонына қарасты, механикаландырылған бригада аумағында Ата Заң күнін ұлықтауға арналған мемлекеттік туды көтеру іс-шарасы орын алды. 

Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы – Ата Заң мерекесіне арналған салтанатты мемлекеттік туды көтеру шаралары, ҚР Қорғаныс Министрлігіне қарасты барлық әскери бөлімдерде орын алды. 31775 әскери бөлімінде өткен шараны ашқан бөлім командирінің орынбасары, штаб бастығы, подполковник Калиев Досжан Көксегенұлы: «Ата заң – біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады. Бас құжат мемлекеттің өркениетті дамуына негіз қалады, адам құқығы мен бостандығын қорғау ісіне кепіл болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы өзінің өміршеңдігін, демократиялық қағидаларға адалдығын дәлелдеді. Ата заңымызды ұлықтап, қадір-қасиетіне мән беріп, бәрінен де биік, бәрінен де қымбат асыл дүниеміздей ардақ тұту баршамыздың басты міндетіміз», – деп атап өтіп, еліміз үшін мәні мен маңызы айрықша мерекемен жиналғандарды құттықтады.  

Ата заңымыздың қабылданған күніне байланысты өткізілген мемлекеттік туды көтеру іс-шарасы еліміздің айбынын көрсетіп қана қойған жоқ, жас жауынгерлердің ертеңіне деген сенімді арттыра түсті. Қазірде бірегей дәстүрімізге айналған бұл шара еліміздің Қарулы күштерін нығайтып, қорғаныс қабілетін арттыруда, халқымызды Қазақстан әскерінің қуаты мен әлеуетіне байланысты мақтаныш сезіміне бөлеп, патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны даусыз. Басқаша болуы мүмкін де емес. Себебі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік берген Конституция күні өткізілетін мемлекеттік туды көтеру шарасына қатысушылардың барлығы – Ата заңымызда көрсетілген Отанымыздың қауіпсіздігі мен еліміздің тәуелсіздігін сақтау, ел азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғау күзетінде тұрғандар, осы жолда ант бергендер. «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің жауынгерлік сайыстың апталық қорытындысы бойынша өз міндеттерін үздік орындағаны үшін, ҚР туын көтеру 1 мотоатқыштар батальонының 2-мотоатқыштар ротасының аға маманы – граната атқыш қатардағы жауынгер Абдуалиев Тілек Беркінұлына берілді.

-Жауынгерлік сайыстың апталық қорытындысы бойынша өз міндеттерімді үздік орындағаным үшін, роталық тактикалық оқу-жаттығу кезінде үздік маман ретінде танылдым. Белгіленген қарсылас жаудың нысанасын граната атқышпен жойғаным үшін, мерген деп танылдым. Үлгілі әскери тәртіп пен өз міндеттерімді дұрыс атқарғаным үшін бүгін мереке қарсаңында мемлекеттік туды көтеру мәртебесіне ие болып отырмын. Мұнан бөлек, бөлім командирінің бұйрығымен ефрейтор шені берілді, ата-анама, мектебіме алғыс хаттар жолданды. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Қорыта айтқанда, Ата заңға адал жауынгерлер ел игілігі мен қоғам тыныштығы жолында қалтқысыз қызмет ете береді, – деп атап өтті, өз кезегінде қатардағы жауынгер Абдуалиев Тілек Беркінұлы. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Күзгі Стамбұлдың табиғаты

Сәр Там 30 , 2023
Оқылды: 301 Күз мезгілі Стамбұл және оның айналасындағы табиғат әуесқойлары үшін үлкен мүмкіндіктер сыйлайды. Бай тарихи мұрасы, жанды мәдениеті мен өнері және дәмді тағамдарынан басқа, Ыстамбұл және оның төңірегі күз айларында серуендеу жолдары үшін таңғажайып пейзаждарды ұсынады. Қала орталығынан немесе оның жанынан өтетін бұл жолдар күзде Стамбұл мен оның айналасының […]