Қасым Аманжолов -бірегей тұлға

Қазақтың көрнекті де асыл ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына биыл 110 жыл. Бар ғұмырын қазақ өлеңіне арнаған Қасымның аты тарихымызда мәңгі сақталмақ.

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды обылысының Қарқаралы ауданыныдағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келді. Сауатын ауыл мектебінде ашып, 1929 жылы Семей қаласының мал дәрігерлік техникумында оқиды. Шығармашылық жолын да осы кезден бастайды. 1930 жылы Алматыдағы “Лениншіл жас” газетінде жұмыс істейді. Одан кейін Орал қаласындағы “Екпінді құрлыс” атты газетіндежұмыс істейді. Жас ақынның көптеген өлеңдерң осы газеттерде жариялана бастайды. Қасым Аманжоловтың өлеңмен қоса әншілік қабілеті және түрлі аспатарда ойнау қабілеті де бар еді.Қасым Аманжолов өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандарының сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын. Халықтың рухани, бай, әдеби мұрасынан күш-қуат алған Қасым қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына шалқар шабытпен, қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға 1938 жылы “Өмір сыры” атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Жинақта ақынның өлеңге деген құштарлығы мен сезімі баяндалады. 1939-1940 жылдары ақын өлеңдерінің өсу жолындағы елеулі кезең болды. Ол алғашқы жинағындағы өлеңдерінен де әсерлі әрі мағыналы болды. Ақынның “ Нар тәуекел”, “Бурабай толқындары”, “Дауыл”, “Көкшетау” “Орамал”, “Сұлтанмахмұт туралы баллада”, “Өз елім”, “Ғашық едім қайтейін”, сынды өлеңдерінің бірі оның ішкі сезімін білдірсе, екіншісі туған жер мен шынайы махаббатты сөз етеді. Сонымен қатар бұл кезеңдегі ақын өлеңдерінде белгілі бір түр, дыбыстық үндестік пен өзгеше
ырғақ көрініс табады.
Ақынның “Дауыл” өлеңінен үзінді:
Ышқына соққан дауылға
Құмартушы ем жасымда
Нөсерлеп құйған жауында
Қызығушы ем жасынға. 

Қасым шығармашылығында лирикалық өлеңдермен қатар жан тебірентер поэмалары да бар. Оның алғашқы поэмалары “Құпия қыз”, “Бикеш” атауларымен белгілі. Ақын 1941 жылы әскер қатарына шақырылады. Осы 1941-1943 жылдары
оның “Мазасыз музыка”, “Қоштасу”, Бейсекештің бес ұлы”, “Орал”, “Сарыарқа”, “Байкал”, “Өтіп бара жатырмын” секілді туған жерге деген сағынышы мен сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдері жарық көреді. Қасымның майдандағы өміріне арнаған біршама рухқа толы өлеңдері де бар. Ақынның бұл өлеңдері өзгеше сипаттағы мазмұн мен тақырыптарға және ой мен сезім тереңдігі жағынан жаңаша сапа тауып, биік белеске көтерілді. Ол өлеңдер: “Елге хат”, “Ұлы күтіс”, “Үстімде сұр шинелім”, “Подполковник Әлпинге”, “Қапанға”, “Сәбитке”, “Ғалиға жауап”, “Қызғалдақ”, “Сен фашиссің,мен қазақпын”, “Дариға сол қыз” атты көркем
тақырыптарға ие болған хрестоматиялық өлеңдер болды. Сонымен қатар осы жылдары шығарған әйгілі “Ақын өлімі туралы аңыз” поэмасы да белгілі. Қасым Аманжолов жаратылысты, табиғат көрінісін көлденең көзбен көруші болып жырламайды. Ол дәуірді немесе отанды айта ма,әлде ауыр күндер мен сын сағатты айта ма, қуана ма, күйіне ме -осының бәрінде
ақын табиғат суреттерін, міңезін өз міңезі мен өз суретіне айналдырады. Қасым Аманжолов бұл есім қазақ әдебиеті мен өлеңіндегі айрықша әрі ерекше орын алатын тарихи есім. Әрине ол өз заманың перзенті. Оның жылдарында озбырлыққа көнбеу, өктемдікке төзбеу, әділетсіздікке қарсы тұру сезімі айқын көрінеді. Туған даласын, жері мен елін Қасымдай егіліп, төгіліп, еміреніп жырлаған ақындар кемде кем. Ұлы ақын мына өмірде небәрі 44-ақ жыл ғұмыр кешті. Қамшының сабындай тым қысқа ғұмыр.
Оның үстіне оның осы өмірі аса ауыр, жетімдікпен, ашаршылық және апатпен, алапат от жылында өткен. Міне осындай аласапыран уақытта күн кешіп жүріп,ақын болып туып, 4 томдық асыл мұра қалдыру, қазақ жырының шыңы болып мағыналы да махаббатты ғүмыр кешу, әрине таң қаларлық құбылыс. Сондықтан да оның “өртке тиген дауылдай өлеңдерін” ешкім де Қасымның өзі емес деп айта алмайды. Жас ұрпақта ақынның парсаттылық пен рухқа толы өлеңдерін өздерінің бойына сіңіріп, мықты ақын болатыны белгілі. Тарихқа ойып тұрып із қалдырған дара ақын – Қасым Аманжолов халық жадында ойып тұрып орын алатыны сөзсіз.

Алданыш Олжабаева Е.А.Бөкетов атындағы ҚАРУ университетінің студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Тәуелсіздік - баянды бақытымыз

Дүй Қар 29 , 2021
Оқылды: 1  304 Талай қиыншылықты бастан кешіп, Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, елімізді өркендетіп келе жатқанымыз қазақ халқының, әр азаматының еңбегі мен жетістіктері. Тәуелсіздік – бұл әр халық, әр ел үшін ең керемет ұғым, құлаққа жағымды сөздердің бірі. Әр халық өз елінің Тауелсіздігін армандайды. Тәуелсіздікке қол жеткізу – ол маңдай тер мен бейкүнә […]