Астана өңірлік қолбасшылығы жыл қорытындысын шығарды

«Астана» өңірлік қолбасшылығында жауынгерлік даярлықты арттыру, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, әскери қызмет пен күнделікті өмір мәселелерін жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша оқу-жаттығу жиындары өтті.

Оқу-жаттығу жиынының соңында жауынгерлік жарыста үздік өнер көрсеткендер, түрлі деңгейдегі үздік командирлер «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлерінің барлық бағыттағы іс-шараларының қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды.

 «Аманат» партиясы Қарағанды ​​облыстық филиалының концерт залында әскери қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шараға «Астана» өңірлікқолбасшылығыныңқолбасшылығы, әскериқызметшілер мен олардыңотбасымүшелеріқатысты.

Барлығы 30-дан астамәскериқызметкермарапатталды, олардыңарасындаүздікатқыш, пулеметші, гранатометші, барлаушылар, саперлар, байланысшылар мен фельдшерлерде бар.

06708 әскерибөліміалтыншыжылқатарынанүздікәскерибөліматағынсақтапқалды.

Біздің әскери бөлім үшінші жыл қатарынан «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында өткен жауынгерлік жарыста бірінші орынға ие болып, ауыспалы жүлдені алыпкелді. Бұл біздің әскери қызметкерлеріміздің ерен еңбегі, олардың әрқайсысы облыстың, жалпы еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған орасан зор жұмыстарды атқарып келеді. Қолбасшылықтың бізге артқан үміті мен сенімін ақтаймыз», – дейді 06708 әскерибөлімініңкомандирі, подполковник Жасұлан Әбеков.

Үздік әскери қызметшілер мадақтамалар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты іс-шара офицерлік вальспен аяқталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Отанды қорғау - әрбір азаматтың қасиетті борышы

Сәр Қар 22 , 2023
Оқылды: 451 Әскери қызмет – кез келген ер жігіттің өмір мектебінен өтетін бір кезең. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Елді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы, шынайы патриотизмнің жарқын көрінісі, қорғаныс қабілетін үнемі арттырy мемлекеттік стратегиялық міндеттерінің бірі. Қазақстандық армия кез-келген уақытта Отанды қорғауға дайын болуы керек». Қарулы күштер […]