Ашық есік күні – қоғам талабы

ҚР Қорғаныс Министрлігі Қарағанды қаласы, әскери лазареті республикалық мемлекеттік мекемесінде «Ашық есік күні» өтті. Қарағанды қаласындағы әскери лазаретке №10 жалпы білім беретін мектептің 7-б сыныбы шақырылды. Оқушыларға ашық есік күнің ұйымдастырған әскерилер, өздерінің күнделікті қызмет ететін орындарымен таныстырды.

Қарағанды гарнизонының әскери лазареті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет көрсетеді. Мекеме «Даму» порталына қол жеткізген. Аталмыш стационарда әскери сала мамандары тұрақты түрде емделді. Республикалық мемлекеттік мекеменің дәрігерлері мен медбикелері облыстық клиникалық аурухана базасында, Денсаулық сақтау басқармасында және өңірлік ақпараттық-талдау орталығында оқытудан және мамандандырудан өткен білікті қызметкерлер. Мекеме қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған. Әскери лазареттің психологы, психологиялық көмек кабинетінің басшысы капитан Гинда Ирина Александровна еліміздің болашағы, жастарға арнаған өз сөзінде «Жас патриоттарға әрқашан алға қойған мақсаттарына қол жеткізуді, оқуда және спортта жеңіске жетуді, салауатты өмір салтын ұстануды, патриот және өз елінің беткеұстар азаматы болуды тілеймін», – деді. Оқушылар әскери қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, өздері шығарған өлеңдері мен әндерін орындап қуантты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ел болашағы – айбынды жастар.

Жұм Мам 26 , 2023
Оқылды: 369 Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті әскери кафедрасында оқу-жаттығу жиындарының басталуына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі әскери қызметтің беделін арттыру болып табылады. Осы мақсатта, Отанды қорғаудың конституциялық міндетін орындау үшін жоғары оқу орындарында жастардың әскери даярлығын ұйымдастырудың […]