http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.
«Азамат А.Т. Шораев төтенше жағдай кезінде бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы жалған мәліметтерді таратқан. Өз әрекеттері салдарынан төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіретін қауіп төндірді», – делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарламасында. Алдын-ала ақпарат бойынша Арман Шораев Қарағандыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Арман Шораев – ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі. Ол 2006 жылы – «Хабар» Агенттігі» АҚ Бас директорының орынбасары, 2006-2007 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, 2007-2014 жылдары – «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ бас директоры болған.
Ақпарат әлеуметтік желіден және республикалық сайттардан алынды.