РЕСПУБЛИКА КҮНІ — ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінде 25 қазан — Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шара «Жастар әлемі» жастар сарайында ұйымдастырылды.

Іс-шараны колледждің тарих пәнінің оқытушылары Н. Ошанов, Р. Несипов және Б. Амантай ұйымдастырды. Салтанатты жиынды Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы ашып, жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтады.

Құрметті қонақтар қатарында университетіміздің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Мақалақ Талғат Жакенұлы болды.

Республика күнінің тарихи маңызы туралы университет тің ғылыми кітапханасының кітапханашысы Ғазизова Жұмабике Ерғалиқызы мен тарих пәнінің оқытушысы Несіпов Рахат Рысбекұлы мазмұнды баяндама жасады. Іс-шара барысында тақырыптық презентациялар көрсетіліп, білім алушылармен сұрақ-жауап түрінде танымдық әңгіме өрбіді. Қатысушылар ел тарихы, тәуелсіздік құндылықтары және азаматтық жауапкершілік туралы ой бөлісті.

Мерекелік бағдарламаның мазмұнын биыл университетімізге қабылданған Қытай, Моңғолия және Өзбекстаннан келген қандастарымыздан құралған арнайы дайындық тобының білім алушылары өнер көрсетіп аша түсті. Сахнаның сәнін Қуаныш Айбол ән шырқап, Жәнібек Ақжайық би билеп келтірді. Ал Гүлнар Серікбол «Отанға сағыныш» әнін орындады, Құмарбек Арман болса өлең оқып, көрермендерді тәнті етті.

Кездесу барысында университет атынан Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы қандастар тобындағы білім алушылардың өнерлерін жоғары бағалап, оларға бес ноутбукті сыйға тартты.

Кештің әсерлі сәттерінің бірі — Инновациялық технологиялар колледжінің директоры Смағұл Нұрбибі Абсадыққызының Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуы болды. Мұндағы мақсат — білім алушылардың бойындағы қазақ халқына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ана тіліне, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық рухқа тәрбиелеу. Өлең жолдары мерекенің рухын асқақтатып, жиналғандарға ерекше әсер сыйлады.

Іс-шара соңында құрметті қонақтар, колледж директоры, оқытушылар және білім алушылар естелік суретке түсті. Республика күніне арналған бұл кездесу елге деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық бірлік пен татулықтың маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Н. Ошанов, Б. Амантай
Инновациялық технологиялар колледжінің тарих пәнінің оқытушылары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Онкологиядағы ғылым, білім және тәжірибе сабақтастығы

Жұм Қаз 30 , 2026
Оқылды: 187 Қарағандыда жоғары санатты онколог-хирург, медицина ғылымдарының кандидаты болған Мұратбек Дәулетханұлы Жұмақаев атындағы «Онкологиядағы ғылым, білім және тәжірибе сабақтастығы» тақырыбында жас ғалымдардың конференциясы өтті. Қарағанды қаласында орналасқан №3 көпбейінді ауруханада аталған аурухананы көп жыл басқарған онкохирург Мұратбек Дәулетханұлы Жұмақаевтың туғанына 70 жыл толуына орай «Онкологиядағы ғылым, білім және тәжірибе […]