Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының 12-18 қыркүйекте Стамбұлда ұйымдастыратын «Bosphours media meeting: Стамбұл басқосуы» жобасы шеңберінде медиа мамандар арасында «Контент шайқасы» тақырыбында шығармашылық байқау өтеді.

БАҚ өкілдері, пиаршылар мен баспасөз хатшылары бақ сынайтын байқаудың ерекшелігі: сапалы контент шеберлері анықталады. Байқауда рилз, стоиз, роликтер дайындап, сайсқа түсетін әріптестердің еңбегін арнайы құрылатын Қазылар алқасы бағалайды. Жеңімпаздар Мәрмәр теңізі мен Бұғаз туры барысында кемеде марапатталады. Жеңімпаздарға сыйлықтар, дипломдар мен статуеткалар табысталады.
“Bosphours media meeting: Стамбұл басқосуы” жобасында түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, түркі журналистері арасында жедел ақпарат алмасу, түбі бір түркіге ортақ рухани құндылықтарды насихаттау т.б. маңызды мәселелерді талқыға салатын VII Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумы болады.
Медиафорумға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Германия, Бельгия, Швейцария, Франция, Солтүстік Кипр т.б. елдерден журналистер, БАҚ басшылары, медиа саласындағы ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қоғам қайраткерлері, депутаттар, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, ЖОО ректорлары, журналистика факультетінің декандары мен мұғалімдері т.б. қатысады. Медиафорум соңында түркі әлемінің бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтарға арнайы марапттар тапсырылады.
Жобаға қатысушылар Стамбұлда пресс тур, Түркия бұқаралық ақпарат құралдарында тәжірибе алмасу, жергілікті биік басшыларымен ресми кездесулер, Мәрмәр теңізінің ортасындағы Бүйүкада аралына экскурсия, Бұғаз туры т.б. қатысады.
Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының серіктесі – Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясымен бірігіп, Стамбұлда түркілердің ортақ ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтан турнир өтеді.
Толық ақпарат үшін: +7 778 878 3408 (WhatsApp)


