Ізденіс пен жаңашылдық тоғысқан алаң

«ІЗДЕНІС. ЖАҢАШЫЛДЫҚ. ТӘЖІРИБЕ. ӘРЕКЕТ» атты мектепішілік педагогикалық хакатон қаламыздағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясында жоғары деңгейде өтті. Ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдап, тың идеяларды ортаға салуға бағытталған бұл іс-шара білім беру саласындағы жаңашылдықтың жарқын көрінісіне айналды.

Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, шәкірт жүрегіне жол табатын қасиетті мамандық иесі. Хакатон барысында да педагогтер өздерінің шығармашылығы мен ізденісін танытып, заманауи білім берудің тиімді тәсілдерін ұсынды. Бұл алаң – тәжірибе алмасып, жаңа бастамаларға жол ашатын ерекше мүмкіндік болды. Аталған педагогикалық хакатон желтоқсан айынан бері қалалық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, бүгін өз жалғасын тапты. Іс-шара барысында мектеп ұстаздары инновациялық жобаларын қорғап, білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған тың ұсыныстарын ортаға салды.



Іс-ш
ара барысында сөз алған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп гимназиясының директоры – Сәуле Далбаевна өз сөзінде:

«Бұл – идеялар тоғысатын, тәжірибе алмасатын, жаңашылдыққа жол ашатын ерекше алаң», – деп атап өтті.

Хакатонның негізгі мақсаты – педагогтердің әлеуетін біріктіру арқылы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді шешудің тиімді жолдарын әзірлеу, кәсіби біліктілікті арттыру және заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеде кеңінен қолдану. Шараға тәжірибелі сарапшылар қатысып, ұсынылған жобаларды жан-жақты бағалады. Олардың қатарында Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Байжігітова Төлеубике, облыстық «Озат» мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Фаткулина Шолпан, «AZMAR PREMIUM МЕКТЕБІ» ЖШС директоры, PhD, қауымдастырылған профессор Жартай Жәнібек, Педагогикалық шеберлік орталығының халықаралық деңгейдегі сертификатталған тренері Әбдікәрімова Қаламқас және Нығмет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры Нұрғазы Өтебаев бар. Хакатон барысында бірнеше команда өз жобаларын таныстырды. «KomekLaik» тобы буллингке қарсы бағытталған мобильді қосымша ұсынып, оқушылармен жедел байланыс орнату мен қолдау көрсету тетіктерін көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылар арасында сынып рейтингін анықтауға арналған жүйелер, оқуға қызығушылықты арттыру мақсатындағы «Кітап керуені» қосымшасы, сондай-ақ комикс, визуализация, мультимедиа, PBL жобалау, жасанды интеллект, ментальды карта сияқты заманауи әдістерді қамтыған жобалар ұсынылды. Қорытынды нәтижесі бойынша: І орын – «KomekLaik» тобына берілсе, ІІ орын – «Ой-қазына» тобына лайық деп танылды. ІІІ орынды – «Белес» тобы қанжығасына байлады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Бұл хакатон – ұстаздардың ізденісі мен жаңашылдығын айқындап қана қоймай, білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бастауы болды. Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына салынған инвестиция екені тағы бір мәрте дәлелденді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандыда дрон мамандары даярланып жатыр

Жек Сәу 5 , 2026
Оқылды: 66 Қарағанды техникалық университетінің Әбілқас Сағынов атындағы әскери кафедрасында қазіргі заманғы әскери дайындықтың ең сұранысқа ие бағыттарының бірі — ұшқышсыз авиациялық жүйелер мамандарын даярлау қарқынды дамып келеді. Технологиялық прогрестің жеделдеуі мен қарулы қақтығыстар сипатының өзгеруі жағдайында мұндай мамандардың армия үшін маңызы ерекше артып отыр. 2024 жылдан бастап «Арнайы әскерлерді […]