«Астана» өңірлік қолбасшылығы қысқы оқу жылына дайындығын пысықтады

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде қысқы оқу жылына дайындық аясында қауіпсіздік сабақтары өткізілді. 2025–2026 оқу жылының қысқы кезеңіне дайындық жұмыстары аясында 31775 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспары мен сабақтар кестесіне сәйкес жеке құрамға арналған қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Теориялық және практикалық бағытта өткізілген бұл сабақтар 10 оқу орнына бөлініп, жоғары деңгейде жүргізілді. Сабақ барысында әскери қызметшілерге қару-жарақпен жұмыс істеу, техника қауіпсіздігі, қыс мезгілінде дала жағдайында орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, жеке қорғаныс талаптары сияқты негізгі бағыттар жан-жақты түсіндірілді. Практикалық бөлімде жауынгерлер оқытушылардың тікелей бақылауымен қауіпсіздік талаптарын бекітіп, жаттығулар орындады. Осыған байланысты 31775 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Алишер Тасқалиев төмендегідей пікір білдірді.

– Қысқы оқу кезеңі – жеке құрамнан ерекше назар мен тәртіпті талап ететін маңызды кезең. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін әрбір әскери қызметші нақты түсініп, тәжірибе жүзінде меңгеруі қажет. Біз биылғы сабақтарды барынша жан-жақты әрі тиімді өткізуге күш салдық. Теориялық білімді практикалық жаттығумен ұштастыру арқылы жеке құрамның дайындығын арттыруды мақсат еттік. Әскери қызметтің басты талабы – қауіпсіздік. Сол себепті мұндай сабақтар жүйелі әрі жоғары деңгейде өткізіле береді, – деді 31775 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Алишер Тасқалиев.

31775 әскери бөлімінде қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған шаралар жыл бойы жалғасын табады. Мұндай дайындық әскери қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, олардың күнделікті қызметтегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

31775 әскери бөлімінде 209 сарбаз салтанатты түрде Әскери ант қабылдады

Жұм Жел 5 , 2025
Оқылды: 117 «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде ерекше маңызды әрі рухани мәні  терең шара – Әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Биыл 209 жас сарбаз Отан алдындағы адал қызметке ант беріп, Қазақстан Қарулы Күштері қатарында құқықтары мен міндеттерін абыроймен орындауға дайын екенін көрсетті. Сарбаздар Ақмола, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе облыстарынан […]