Бұрсаны жаулап алу оңайға соқпаған. Тарихты естігеннен бөлек көзбен көру әлдеқайда түсінікті екені рас. Панорама 1326 мұражайы сол үшін ашылған. Онда Осман Империясының Бурсаны жаулап алу және империяның құрылуын панорамалық көрнекіліктер мен топографиялық карталар арқылы бейнеленген.
Айта кетейік, панорамалы суретті әртүрлі елдің өте тәжірибелі суретшілері қолмен салып шықққан. Суреттің диаметрі – 42 метр, ал биіктігі – 15 метрді құрайды. Бұдан бөлек мұражайда кафелер, конференция залдары, кітапхана, әкімшілік кеңселері және көрме залы орналасқан.
Жасыл ғимарат ретінде жобаланған мұражайды 2016 жылы марқұм болған көрнекті тарихшы, профессор Халил Инальчик басқарды.
Нұрлан Әбдікәрім,
«Хабар» телеарнасының тілшісі