Отанды қорғау – ұлы міндет

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 36352 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге келген 100-ге жуық сарбаз бабаларымыздан аманат ретінде мұра боп қалған Қазақстанның ұлан-байтақ жері мен елін ақтық демі қалғанша қорғауға салтанатты түрде ант берді.

Спасск оқу-жаттығу полигонына қарасты 36352 әскери бөлімінде Астана мен Тараз қаласынан келген 90 – сарбаз әскери ант қабылдады. Енді олар еліміздің Қарулы Күштерінің сапын толықтырмақ. Аз уақытта әскери тәртіпке үйреніп қалған олар, Отан алдындағы борышын адал орындауға серт берді. Әскери ант қабылдау сәтіне жас жауынгерлердің туған – туыстары да келді.  Ұлын сағынып қауышқан ана, бауырлары көз жасына ерік берді. Әскер қатарына шақырылған азаматтарға, бір жыл ішінде олардың дене шынықтыру және жауынгерлік даярлығына баса назар аударылады. Саптық бой түзеу, қарудан оқ ату дағдысын, сондай-ақ жауынгерлік техниканы меңгермек. Спорттық жарыстарға қатысып, жеңіске жетіп жүрген жігіттер алдағы уақытта да ел ішіндегі, әлемдік сайыстарда бақ сынайды. Сарбаз атанып, Отан қорғау әр ер азаматтың парызы. Қаз-қатар тізіліп тұрған бұл жігіттер бір ай бойы әскери өмірге төселіп, қатаң тәртіпке үйренген. Олар шара соңында қарумен  саптық амал-тәсілдерді, қоян-қолтық ұрыс амалдарын көрсетті.

Жас сарбаздар, бүгін ел алдында әскери ант қабылдап, Отан қорғаушылардың қатарына қосылды. Бұл дегеніміз мақтаныш, үлкен жауапкершілік. Осы уақыттан бастап сарбаздарға жүктелер міндет те зор болмақ. Себебі, әскери ант – әскери өмірдің өзгермейтін заңы. Отанды қорғаудың, оның ішінде халыққа және заңды сайланған Президентке адал қызмет етудің айқын белгілері бар. Әскери өмір қаншалықты қиын болғанымен, жарғымен белгіленген талаптарды орындау – парыз және қасиетті міндет. Туған жерімізге тер төгіп, антқа адал болуға бекінген ел ұландарын, бүгінгі мерекесімен құттықтаймын,- деп атап өтті өз сөзінде, «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Ерболат Шерімбетов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жауынгерлердің аналар комитеті Қарағанды қаласындағы әскери бөлімде болды

Сей Жел 26 , 2023
Оқылды: 525 «Аналар жүрегі» сарбаздардың аналар комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды ​​облысындағы өкілі Зағира Әубәкірова 44803 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жатқан сарбаздармен жүздесті. Кездесу барысында әскери бөлімдегі жаңадан келген сарбаздардың өмірі мен тұрмысы жайлы танысып, жауынгерлік дайындық кабинеттерін, жатар орындары мен асханасын аралап көрді. Сарбаздардың аналар комитетінің өкілі әуе […]