2023 жылдың 26 наурызында Шымбұлақ таулы курорты «Әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннес рекордын орнатуға тырысады.
«Шымбұлақ» – әлемде бірінші болып Гиннестің рекордтар кітабына «Әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы» номинациясы бойынша енуі мүмкін Қазақстандағы жалғыз тау курорты.
Сертификаттарды табыстау және нәтижені ресми бекіту рәсімі теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан Талғар асуы стансасында Мәдениет және спорт министрі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Guinness World Records, БАҚ өкілдерінің және курорт қонақтарының қатысуымен өтеді.
Іс-шара спикерлері:
- Guinness World Records кеңсесінің төрешісі, Seyda Subasi-Gemici
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, Асхат Раздықұлы Оралов
- Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Арман Оразбайұлы
- «Шымбұлақ» ТК бас директоры, Абдрахманов Ринат Чингизович
Іс-шара соңында салтанатты түрде лента қиылып, түнгі ең биік тау шаңғы трассасынан бұқаралық сырғанап түсу рәсімі өтеді.
Күні: 26 наурыз
Орналасқан жері: курорттың ең биік нүктесі, Талғар асуы (3200)
Кеш бағдарламасы:
19:00 – 21:00 – қатысушыларды жинау, DJ
21:00 – Ресми тұлғалардың мәлімдемесі
21:15 – Рекордты тіркеу
21:25 – Бұқаралық сырғанап түсу, «Гиннес» трассасының ресми ашылуы