Түркияда автобус билетінің бағасы тұрақты сақталады

Түркияда 2023 жылы қалалар арасына қатынайтын автобустар билет бағасын қымбаттатпайды. Бұл жолаушылар санының өсуіне сеп болмақ. 
Індеттен кейін көрсеткіштер өсті.
Түркияда коронавирустық індеттен ең көп зардап шеккен салалардың бірі – қалааралық автобус операторлары. Түркия автобус жүргізушілері федерациясының (TOFED) төрағасы Бирол Өзджан індеттің бәсеңдеуінен автобус қызметтері мен жолаушылар санының артқанын айтты: «2021 жылы көбейе бастаған қызметтер саны 2022 жылы барынша жақсарды. 2021 жылы Стамбулда 15 шілдеде Демократия автобус терминалында 370 мың болған автобус рейстерінің саны 2022 жылы 427 мыңға дейін өсті».

«Билет бағасы өзгермейді»

Бирол Өзжан былтыр жаз айларынан бері автобус билеті бағасы өспегенін жеткізді: “2023 жылы тарифтер өзгермейді. Пандемиядан бұрын біздің автобустар саны күніне 2 мың рейс болатын. Індет кезінде азайғанмен, 2022 жылы 1170 рейске өсті. Алайда 2023 жыл біршама баяу басталды. Бірақ алдағы Рамазан айы мен мерекемен және жазғы демалыс кезінде бұл көрсеткіш өседі. Жанар-жағармай бағасы тұрақты. Егер билет бағасы көтерілсе, біз клиенттерді жоғалтуымыз мүмкін. Көпір мен тас жолдар ақысының өспеуі автбус жолаушылар тасымалына жақсы әсер етеді”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Румыниядан Антальяға келетін туристер саны артады

Жек Ақп 26 , 2023
Оқылды: 528 Алания туризмін таныту қоры төрағасының орынбасары Мехмет Дахаоғлұның айтуынша, Румыниядан Анталияға келетін адам саны 260 мыңнан 350 мыңға дейін артады. Румынияның астанасы Бухарестте 23-26 ақпан аралығында өткен TTR2023 халықаралық туристік жәрмеңкесінде Аланияны насихаттау жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылды. Шарада Аланияның атынан Алания Туризмді дамыту қоры (ALTAV) және Алания […]