Подполковник Нұрбол Сапарбаев, Кеңес Одағының Батыры Әскери-әуе базасы қолбасшысының орынбасары Нұркен Әбдіров Қарағанды қаласындағы No95 гимназияның жоғары сынып оқушыларымен тәрбие және идеологиялық жұмыс мәселелері бойынша кездесу өткізді.
«Ұшқыш – бұл ерекше мамандық, әсіресе ол әскери адам болса. Қандай жағдай болмасын, берілген тапсырманы орындауға дайын, рухы биік болуы керек, – деп бастады сөзін ұшқыш-тәрбиеші балалармен кездесуде.
Нұрбол Бақытжанұлы Түркістан облысында дүниеге келген, сол жерден Краснодар жоғары әскери авиация училищесіне оқуға түсіп, оны 2002 жылы бітірген. Көп ұзамай Воронеж қаласының профессор Н.Е.Жуковский атындағы Әскери-әуе күштері академиясын бетке алады. Осылайша, оның артында теориялық және практикалық дайындықтары жатыр.
– Басқалар сияқты мен де Л-39 жауынгерлік оқу-жаттығу ұшағында ұшуды бастадым. Алғашқы ұшу кезіндегі сезімдер, әрине, ұмытылмайды. Бала кезімнен аңсаған арманым орындалды деп ойлайтыным есімде», – деп алғашқы әсерімен бөлісті офицер-тәрбиеші.
– Бірақ алда әлі көп жол бар еді: ұшақтардың жаңа түрлері, күндіз-түні ұшулар, оның ішінде күрделі ауа-райы жағдайында ұшулар, республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларға, әуе шерулеріне қатысу. МиГ-31 және Су-30СМ игердім. Соңғысы «4++» буынына жатады, бұл жердегі де, әуедегі нысандарды да, соның ішінде ұшқышсыз нысаналарды да соққыға алатын өте талғампаз және жоғары маневрлі жауынгерлік машина. Біздің жұмысымызда ең бастысы – үнемі өзін-өзі жетілдіру, әскери ұшқыштың шеберлігі автоматизмге дейін шыңдалуы керек. Нақты реакция өте маңызды, сондықтан өз денсаулығынды мұқият бақылау керек, – дейді подполковник Сапарбаев оқушыларға.
Балаларға Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм көрсетілді. Нұрбол Бақытжанұлының Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты, әскери жоғары оқу орнына түсу тәртібі мен талаптары туралы әңгімесі жастарды ерекше қызықтырды.
Кездесу барысында шақырылған қонақ мектеп оқушыларының барлық сұрақтарына жауап беріп, оқушыларды әскерилер қазақ армиясымен, өздері қызмет ететін жауынгерлік ұшақтарды өз көздерімен көретін авиабазаға экскурсияға шақырды.