10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күні

Қадірлі бауырлар!
2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының» бастамасымен жарық көрген Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде 10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күні болып белгіленген. Бұл күні 1915 жылы қазақтың дарынды жазушысы Ілияс Есенберлин өмірге келді. Ілияс Есенберлинге дейін қазақ әдебиетінде халқымыздың бірнеше ғасырды қамтитын тарихы туралы сыр шертетін шығармалар болмаған. Ілекеңнің жазушы ретіндегі басты жетістігі де осы. Тарихи романдар арқылы сол кезеңде қазақ қоғамының тарихи жадысын жаңғыртуда үлкен бетбұрыс жасаған көрнекті жазушымыздың дүние есігін ашқан күні Қазақ әдебиеті күні болып белгіленуі де құптарлық іс. Өзінің шығармалары арқылы жастарымыздың бойына ұлттық тәрбие сіңіре білген І.Есенберлин қазақ әдебиетіндегі жарық жұлдыз, феномен екені даусыз.
Барлықтарыңызды бүгінгі келіп жеткен 10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз өзінің ұлттық гармониясына жетіп, өсіп – өркендей берсін!
Құрметпен,Мұхтар Шаханов,
Қазақстанның Еңбек Ері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ұлты үшін құрбан болған қайраткер

Сей Қаң 10 , 2023
Оқылды: 492 СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСОВ  «Семипалатинский подлог и Акмолинский дефект» деп аталатын саяси айыптаулар хақында Алаш қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың 1921-1922 жылдары Қазақ Орталық Атқару Комитетінің Семей, Қостанай және Бөкей губерниялары бойынша өкілі болып қызмет жасаған кезі, негізінен кеңес өкіметінің Қазақстанда орнаған алғашқы жылдарына сай келеді.           Бұл кезең, жалпы оның өмірінде […]