Қорғаныс министрлігі құтқару жұмыстарына қатысып жатыр.

Қарулы күштердің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жолдарды тазартуға және ауа райының қолайсыздығынан жолда тұрып қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетуге тартылды.

 

Желдің күрт күшеюі мен қатты боранның салдары шығыс аймақтағы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда қиын жағдай туғызды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық құтқару бөлімшесіне Аягөз гарнизонындағы танкистер құрамасы мен инженерлік-саперлік батальонның әскери қызметшілері көмекке келді.

«Алматы – Өскемен» тас жолының 40 шақырымында броньды танк қызметінің бастығы майор Ержан Быжкеевтің басшылығымен әскери қызметшілер қар құрсауында қалған 50 адам мен 10 шақты автокөлікті арнайы техникамен эвакуациялады. Олардың барлығы Аягөз қаласына жеткізілді.

Құтқару жұмыстарына қазіргі уақытта бес әскери техника жұмылдырылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күні

Сей Қаң 10 , 2023
Оқылды: 549 Қадірлі бауырлар! 2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының» бастамасымен жарық көрген Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде 10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күні болып белгіленген. Бұл күні 1915 жылы қазақтың дарынды жазушысы Ілияс Есенберлин өмірге келді. Ілияс Есенберлинге дейін қазақ әдебиетінде халқымыздың бірнеше […]