Оқушыларға арналған республикалық экобайқау

Қазақстанның экологиялық қоры  оқушыларға арналған республикалық экобайқауларға жұмыстарды қабылдау мерзімінің ұзартылғандығын хабарлайды.

Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, жыл сайын адамзат әлемде 2 миллиард тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарады. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 3,4 миллиард тоннаға дейін көтерілу қаупі бар.

Ал БҰҰ мәліметі бойынша, әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығынан зардап шегеді. Сарапшылардың бағалауынша, әлемде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға зәру. Ал 1,7 миллиард адам тұщы суға мұқтаж. Жыл сайын әлемде таза судың жетіспеушілігі мен антисанитариялық жағдайдың салдарынан мыңдаған адам қайтыс болады.

Жалпы осындай экологиялық мәселелерді ескере отыра,Қазақстанның экологиялық қоры  мектеп жасындағы жас ұрпақпен тығыз жұмыс атқарып келеді. Сонымен қатар жастардың назарын экологиялық мәселелерге аудару, әрі білімдерін кеңейту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіп, байқаулар ұйымдастырып отырады.

Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның экологиялық қорының бастамасымен 3 байқау өткізіліп отыр:

  1. «Қоқысты қайта өңдеу», «Менің ең жақсы аулам» республикалық байқауы. Мақсаты – оқушылардың тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және қайта өңдеу әдістері туралы, білімдерін кеңейтуге үлес қосу.
  2. «Мен үйдегі суды қалай үнемдеймін» республикалық байқауы. Мақсаты – мектеп оқушыларының инновациялық іс-әрекетке баулу арқылы олардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін ашу және іске асыру, суды үнемдеу көзқарасын қалыптастыру.
  3. Жас блогерлерге арналған «Ең үздік эковидео»республикалық байқауы.

Мақсаты – экологиялық тақырыптағы видеороликтер базасын құру және жаппай тарату арқылы оқушылардың экологиялық тәрбие беру жолдары туралы білімдерін кеңейтуге және халықты табиғатты қорғау саласындағы нақты іс-әрекеттерге ынталандыруға ықпал ету.

Байқау шарттары бойынша, әр байқаудың тақырыбына сай 2 минуттан аспайтын қызықты видео түсіріп, 15 шілдеге дейін жіберу болатын. Алайда Қазақстанның экология қорының  оқырмандарының тарапынан келіп түскен көптеген өтініштерге байланысты, сонымен қатар оқушылардың жазғы демалысын ескере отырып, ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ. Енді қызығушылық танытқан оқушылар байқауларға видеоларын 31 шілдеге дейін жібере алады.

Байқаулардың қорытындысыбиылғы жылдың қыркүйек айында шығарылады. Ал жеңімпаздар дипломдар, кітаптар, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Басты сыйлық – су жаңа ноутбук.

Айта кетейік, байқаулар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру» жобасы аясында өткізіліп отыр.

Әр конкурс туралы толық ақпарат төменде

Қазақстанның мектеп оқушыларына арналған «Қалдықтарды қайта өңдеу», «Менің ең жақсы аулам» видео байқауы

Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, жыл сайын адамзат әлемде 2 миллиард тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарады. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 3,4 миллиард тоннаға дейін көтерілу қаупі бар.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша республикада 7300 өздігінен пайда болатын полигондар болса, оның 88 пайызы жойылған, бұл 6600 полигонды құрайды. Қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 2021 жылы 20,2% құрады. Ал 2020 жылдың сәйкес кезеңінде бұл үлес 15,8%-ды құраған.

«Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры 1 маусымнан бастап Қазақстанның 10-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында «Қоқысты қайта өңдеу», «Менің ең жақсы аулам» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқау «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру» жобасы аясында өткізілуде.

Байқаудың мақсаты -оқушылардың тұрмыстық қалдықтар туралы білімдерін кеңейтуге, қоқысты бөлек жинау қажеттігін түсінуге, қоқысты сұрыптауды үйретуге ықпал етеді; қоршаған ортаға үнемді қатынасты тәрбиелеу, сонымен қатар мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін дамыту және қалыптастыру.

Конкурсқа қатысу үшін 2022 жылдың 31 шілдесіне дейін келесі номинациялар бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде видеоматериал дайындау қажет.

«Қоқысқа екінші өмір сыйлайық»;

«Үйдегі қоқысты қалай сұрыптаймын»;

«Менің аулам – ең таза аула».

Байқаудың қорытындысы биылғы жылдың қыркүйек айында шығарылады. Ал жеңімпаздар дипломмен және құнды кітаптармен марапатталады.

Байқау ережесі туралы толығырақ https://ekofond.kz/2022/06/01/%d0%b2%d0%b8%d0%b4%d0%b5%d0%be-%d0%ba%d0%be%d0%bd%d0%ba%d1%83%d1%80%d1%81-%d0%b4%d0%bb%d1%8f-%d1%88%d0%ba%d0%be%d0%bb%d1%8c%d0%bd%d0%b8%d0%ba%d0%be%d0%b2-%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d1%85%d1%81%d1%82/

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Оқушыларға арналған республикалық экобайқау

Сей Шіл 19 , 2022
Оқылды: 760 Оқушыларға арналған республикалық экобайқаулардың мерзімі ұзартылды Қазақстанның экологиялық қоры  оқушыларға арналған республикалық экобайқауларға жұмыстарды қабылдау мерзімінің ұзартылғандығын хабарлайды. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, жыл сайын адамзат әлемде 2 миллиард тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарады. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 3,4 миллиард тоннаға дейін көтерілу қаупі бар. Ал БҰҰ […]