Жас сарбаздар қатары толықты

«Жас сарбаз» қозғалысының қатары ресми түрде толықты.
Қарағанды қаласындағы Ю.Н.Павлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Жас сарбаз» сыныбының қатарына оқушыларды қабылдау жұмыстары жүргізілді. Комиссия құрамында ұстаздар қауымы мен «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері болды.

 

«Жас сарбаз» сыныбына қабылданатын әр оқушының оқу үлгерімі мен денсаулық жағдайы жақсы болуы керек, бұл алғашқы талаптардың бірі, әрі бірегейі. Бұдан бөлек, әскери-патриоттық қозғалыстың мүшесі атану үшін, ата-аналарының рұқсаттамасы керек. Нәтижесінде өз үлгерімдерін дәлелдеп 5 сыныпқа – 10 оқушы, 6 сыныпқа – 5 оқушы қабылданған. Қатарға қабылдану үшін оқушылар арнайы кезеңдерден өтуі керек. Мәселен, нормативтік тапсырмаларды тапсыру, яғни жүгіру, орнынан секіруді орындау. Сонымен қатар, оқушылармен комиссия мүшелері арасында сұрақ-жауап өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Айта кетейік, «Жас сарбаз» сыныбының қатарына оқушыларды қабылдау жұмыстары, аталмыш мектептің қабырғасында биылғы жылы екінші рет ұйымдастырылып отыр.
– Бүгін мектептің оқушылары, «Жас сарбаз» сыныбына қабылдану үшін іріктеуден өтіп жатыр. Сіздерді бүгінгі «Жас сарбаз» қатарына қосылуымен құттықтаймын! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары және патриоттары болыңыздар! Мұндай бастамаға қолдау танытқан «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлеріне өз алғысымызды білдіргіміз келеді, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтыншаш Айтқұлова.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Арыста инвестор есебінен мектеп құрылысы басталды

Жұм Қыр 3 , 2021
Оқылды: 1  094 Арыс қаласының іргесіндегі Онтам елді мекеніне жеке кәсіпкер 150 орындық мектеп салып беретін болды. Мектеп іргетасын қалау рәсіміне Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мен мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев және ауыл ақсақалдары қатысты. Құрылыс нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында […]