44803 әскери бөлімінің жеке құрамы астана күнінің құрметіне әдеби сазды кеш ұйымдастырды.
Әскери қызметшілер мен сарбаздардың қатысуымен өткен жиында еліміздің тарих беттеріндегі оқиғалар бойынша мағлұматтар айтылды.
Іс-шарада сарбаздар ел мақтанышы – астананың құрметіне өлеңдер оқыды. Танымал туындылар қатарында «Астана» әнінің шығу тарихы баяндалды. Бүгінгі кештен ерекше әсер алған сарбаздар, өз ойларымен бөлісті.
– Бүгін біздің әскери бөлімде ерекше іс-шара. Ел жүрегі – елордамыз халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Бас қаламызда әкімшілік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми, білім беру нысандары және іскерлік орталықтар, тұрғын үй кешендері алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келеді. Мен тәуелсіз елімнің бүгінгі жетістіктерін мақтан тұтамын, – деді сарбаз Қанағат Әділбеков.