Әскерилер астана күнінде

44803 әскери бөлімінің жеке құрамы астана күнінің құрметіне әдеби сазды кеш ұйымдастырды.

Әскери қызметшілер мен сарбаздардың қатысуымен өткен жиында еліміздің тарих беттеріндегі оқиғалар бойынша мағлұматтар айтылды.

Іс-шарада сарбаздар ел мақтанышы – астананың құрметіне өлеңдер оқыды. Танымал туындылар қатарында «Астана» әнінің шығу тарихы баяндалды. Бүгінгі кештен ерекше әсер алған сарбаздар, өз ойларымен бөлісті.
–      Бүгін біздің әскери бөлімде ерекше іс-шара. Ел жүрегі – елордамыз халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Бас қаламызда әкімшілік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми, білім беру нысандары және іскерлік орталықтар, тұрғын үй кешендері алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келеді. Мен тәуелсіз елімнің бүгінгі жетістіктерін мақтан тұтамын, – деді сарбаз Қанағат Әділбеков.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қолбасшы сапары

Дүй Шіл 12 , 2021
Оқылды: 1  236 Қызмет бабымен Приозерск гарнизонына ат басын тіреген ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Шайх-Хасан Жазықбаев саптық алаңда бой түзеген жеке құрамға өзін таныстырып шықты. Приозерск гарнизонындағы орналасқан «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты әскери бөлімдерін аралап, әскери техникалар мен қару-жарақтарды тексеріп шықты. Сонымен қатар, […]