Қорғаныс министрінің бірінші орындасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов Санкт-Петербург қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің отырысына қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес көпжақты әскери ынтымақтастық мәселелері қаралды. Қатысушылар әлемдегі әскери-саяси ахуал мен оның Достастық елдеріне әсерін талдап, 2025 жылға дейінгі Әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша шаралар легі талқыланды. Бұл елдердің келешектегі өзара іс-қимылын бағдарлауды айқындайды.
Генерал-лейтенант Мұрат Бектанов практикалық тәжірибе алмасудың, ынтымақтастық негізінде әскери саладағы өзара іс-қимылдың бірлескен жүйелерді дамытудың маңызын атап өтті. Бұл әуе шабуылына қарсы қорғаныстың біріккен жүйесі, мемлекеттік радиолокациялық танудың бірыңғай жүйесі, әскери авиацияның ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпарат алмасу жүйесі, бірлескен (Біріккен) байланыс жүйесі, РХБ жағдайды бақылау мен бағалаудың бірлескен жүйесі және өлшем бірлік жүйесі. Оқу-жаттығу ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан мен Ресейдің әскери полигондарында өтеді.
«Жауынгерлік бауырластық 2021» бірлескен оқу-жаттығуын талқылау барысында қазақстандық тарап бүгінгі күні ТМД әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірлескен жүйесі – ол әскери ынтымақтастық аясында интеграциялық процестің ең маңызды жетістіктерінің бірі екенін атап өтті.
Талқылауға арқау болған тақырыптардың бірі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің COVID-19 таралуына қарсы күреске қатысу тәжірибесі. Қазақстанда бұл бөлімшелер әлеуметтік маңызы бар және карантиндік объектілерді, адамдар көп жиналатын орындарды, блок бекеттерді, Қарулы Күштер объектілерін, қалалардың және мемлекеттік әкімшілік объектілердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді, жаяу жүргіншілер аймақтары мен жол учаскелерін өңдеу үшін қолданылды.
Бұл ретте отырысқа қатысушылар 2022 жылға жоспарланған бірлескен іс-шараларды, әуе-ғарыштық қорғаныс жүйесін құру саласындағы зерттеулерді және авиацияның ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талқылады.
ТМД нормативтік құқықтық базасын жетілдіру маңызды мәселенің бірі болып қала береді. Қазақстанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы жақын арада Қазақстан Парламентінің қарауына енгізілетін болады. Аталған заңның күшіне енуі оларды жаңғырту негізінде әскери байланыс жүйелерін, кешендері мен құралдарын неғұрлым тиімді дамытуға, үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Отырыс барысында қабылданған шешімдер ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалпы және ұлттық мүдделерін ескере отырып, көпжақты әскери ынтымақтастық жүйесін дамытуға бағытталғанын атап өткен жөн.