Рухы мықты елдің тәуелсіздігі баянды

Тәуелсіз Қазақстанда арадан жылдар өте санамызды улаған советтік коммунистік идеологияның шырмауынан босауға тырысып, өлген жүйенің өлі символдарынан құтылуға қадамдар жасалып жатыр. Декомунизация, десоветизация шараларын жүргізу, қызыл коммунистердің барлық символдарынан құтылу, Тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуына жол көрсетер, егемендігіміздің нығайуын қамтамасыз етер, дамыған демократиялық елдер қатарына жеткізер дұрыс жол екендігі күннен күнге анық белгілі болып келеді. 

 

Өткен жылы Қарағанды қаласындағы Ленин көшесінің Абай көшесіне ауыстырылуы, ертең, наурыз айының он екісінде өтетін Октябрь аудан атының Әлихан Бөкейхан атамызға берілуіне арналған қоғамдық талқылаудың өзі де «декоммунизация» шараларының басталуының шынайы белгілері.  «Тәуелсіздік», «Егемендік» түсінігінің мазмұны уақыт өте келе, ұлттық егемендік ұғымымен толықтырылуы да,
Қазақстан Республикасының шын мәнінде унитарлы мемлекет ретінде нығайуының көрінісі. 

 

Мұндай өзгерістер елімізді біріктіріп, күшейте түседі. Сонымен қатар бізге жаңа міндеттерді де жүктейді. Біз енді тек өзімізге, қазаққа ғана жауап берер ұлт емеспіз, бізді қолдайтын, бізбен бірге тұратын басқа этностардың да ақылшысы, қамқоршысымыз. Себебі – біз жердің иесіміз, мемлекет қалыптастырушы ұлтпыз, басқа ұлттарды қанатымыздың астына алу, біздің мақсат тұтқан – «күшті ұлт» ретіндегі статусымыздан туындайды.

Қоғамдық талқылауда осы құдіретті күшті сезініңіздерші. Артық сөзге бармайық. Ұлтымызға тән сабырлылықпен тарихтың өткен кезеңінің бетін дауға айналдыруға жол бермей, алға ұмтылайық.

Қазақ елі, болашақ ұрпақ, бостандықтар мен Демократия үшін!

Бейбіт Оспанұлы Күлмағамбет. 

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған ауылында 1965ж. дүниеге келген.  Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің заң фак. бітірген. ҚарМУ-нің қылмыстық кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарған. Түркиядағы Докуз Ейлюл университетінің докторанты. «Шығыс тәттілерінің Қарағанды фабрикасы» кондитерлік компаниясының директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Октябрь ауданы Әлиханның есімімен аталады

Жек Нау 14 , 2021
Оқылды: 1  995 Қарағанды Сұрыптау стансасындағы Теміржолшылар сарайында, қазаққа қырғын мен зарлы заман әкелген қандықол коммунистердің Октябрь ауданының орнына, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан атамыздың атымен аталар тарихи жиында отырмын. Сол Советтік кезеңде салынған сарай ішінде, келешекте өзгеретін қала, аудан, кент, көше аттарына байланысты ойлар келген еді. Қоғамдық талқылаулар – мемлекеттің ономастика […]