Дәрілер дәріханада емес, қоймада болған

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Кесел деңгейі өршіген қиын сәтте жұрттың басты уайымы дәрі-дәрмек болды. Қарағандылықтар вирусты емдейтін дәріден бөлек, дене қызуын түсіретін қарапайым парацетамолды таппай, сан соғып қалды. Кейінгі уақытта облыс билігі көптеген дәріханаларға бұл дәрілердің түсіп жатқанын мәлімдеуде. Дегенмен тұрғындар «дәрі әлі де болса тапшы» деп зар қағуда. Жақында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қызмет жұрт дәрі таппай қиналып отырғанда, еліміздегі көптеген қоймаларда дәрі-дәрмектің біраз уақыт тұрып қалғанын мәлімдеді.

      Осы орайда, халықтың қолы дер кезінде дәріге жетпей отырғанда, қоймаларды дәріге толтырып қою кімге және не үшін қажет болды деген заңды сауал туындайды. Алайда бұл сауалға шенеуніктер де, тексеруші орындар да тұшымды жауап бере алмайды. Өйткені бұл мәселе әлі де тексеріліп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің  тексерісі бойынша Қарағанды облысындағы қоймаларда 600 мың орамдағы парацетамол мен аспирин табылған. Ал бұл кезде қоймада тұрған парацетамолды жұрт табанынан тозып дәріханалардан іздеп жүрді. Қоймада толып тұрған дәрілерді тез арада дәріханаларға жөнелткен. Тіпті мемлекет басшысы пәрменді тапсырма бермесе, қоймада толып тұрған дәрі-дәрмекті ешкім тексермейтіні анық еді. «Жұрт таба алмай жүрген дәріні қоймаға тығып қою деген барып тұрған сорақылық деп ойлаймын. «Соғыс жағдайындамыз» деген президент осындай бассыздыққа жол бергендерді қатаң жазалауы тиіс», – дейді қарағандылық қоғам белсендісі Жексен Әбдірахманов.
      Қарағанды қаласында бүгінде дәріханалардың жұмыстары да тексерілуде. Өйткені көп жағдайда дәріханада дәрі бағасы аспандап тұрады. 5 шілдеден бастап дәріханаларды тексерген мобильдік топтар заң бұзған 45 жайтты анықтаған. Оның ішінде тоғыз заңды тұлға жауапкершілікке тартылып, оларға 1,2 млн теңге айыппұл салынды. 36 дәріханаға қатысты фактіні тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаменті қарап, қандай шара қолданатынын анықтайды. Дәріханадағы мамандар дәрі-дәрмек бағасын шектік деңгейден асырып, қымбатқа сатқан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Атырауға медициналық көмек берілді

Бей Шіл 23 , 2020
Оқылды: 1  461 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. «Халық» қайырымдылық қоры Атырау облысының тұрғындарына 1000 пульсоксиметр, 100 жылжымалы оттегі концентраты, «Авифавир» медициналық препаратының 100 қаптамасын жолдады. Бүгінгі таңда Атырау облысы коронавирус инфекциясына шалдыққандардың ең көп саны тіркелген өңір, сондықтан бұл өңір медициналық жабдықтарға зәру. Осыған байланысты «Халық» қайырымдылық қоры […]