Ауру ошағы көбейген Ботақара карантинге жабылды

Қарағанды облысында Бұхар жырау ауданының орталығы Ботақарада он адам короновирусқа шалдыққан.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Қарағанды облысында 16 мамырдағы жағдай бойынша короновирусқа шалдыққан 13 адам тіркелді. Індетпен ауырғандар Қарағанды, Теміртау, Топар, Шахтинск қалаларымен Бұхар жырау, Абай ауданының тұрғындары. Өңірде Теміртау мен Бұхар жырау орталығы Ботақарадан басқа жерлерде карантин шаралары біртіндеп алына бастаған. Алайда Теміртау мен  Ботақарада  коронавирустың өршуі белең алғандықтан, карантиндік шектеу шаралары сақталады. Ботақарада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды және тұрғындарға жеке көлікпен жүруге тыйым салынды. Жеке көлікпен құқық қорғау органдарының, мемлекеттік сала мамандары мен медициналық қызметкерлер ғана жүре алады. Бүгінде Ботақарада он тұрғын короновирус сырқатын жұқтырған. Елдімекендегі жұмыс жасауға рұқсат етілген мекемелер санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді. Ботақарада сырқаттанғандармен байланыста болған 205 адам анықталған. Енді  Ботақара елдімекенінің маңайына блок бекеттер қойылады.  «Қазіргі уақытта Ботақарада  инфекцияны жұқтыру деңгейі көтеріліп тұр, сондықтан ауру ошағын оқшаулау қажет. Ботақараға кіретін және бұл жерден шығатын көліктерге шектеу қойылады. Елдімекендегі карантиндік аумақ белгіленіп, нақтыланады. Тұрғындар санитарлық талапты қатаң түрде сақтауы тиіс»,- деп мәлімдеді облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров.  Сонымен қатар өңірдегі «Қазақмыс» корпорациясының  «Нұрқазған» кәсіпорнындағы жағдай мамандардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Кәсіпорындағы жұмыскерлердің сырқат жұқтыруы өршіп келеді. 17 мамырдағы жағдай бойынша «Нұрқазған»  кәсіпорынында 15 маманның короновирусты жұқтырғаны анықталып отыр. Мұнда алғаш рет вирус 6 мамырда тіркелген. Қарағандыда бұл жұмыскерлермен байланыста болған адамдар анықталып, індетпен ауырғандар тұрған үйдің кіреберісі карантинге жабылып жатыр. Қарағанды облысында 16 мамырдағы жағдай бойынша 232 адам короновирус жұқтырған. Оның ішінде үш өлім жағдайы тіркелсе, 146 ем алушы сырқаттан жазылып шыққан.

Арайлым Еркебаева, Қарағанды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақ журналистикасында ауыр қаза

Дүй Мам 18 , 2020
Оқылды: 1  178  Мамырдың 18 күні белгілі журналист, Жетісу телеарнасының директоры, Ұлттық арнаның «Айтуға Оңай»  «Қарекет» бағдарламаларының жүргізушісі Бейсен Құранбек дүниеден өтті. Белгілі тележүргізушінің дүниеден өткені жайында оның журналистика саласындағы әріптестері хабарлады. Ақжелең Рахатдинқызы: – ағамыздың дүниеден өткенін өзіміз жаңа таңертең естідік. Ол қатерлі ісікпен ауырған еді, бір жылдан аса емделді, […]