Қарағандыда бұрынғы әкімшілік қызметкері сотталды

 Әкімшілікте қызмет жасаған маман 26 адамды алдап ақша алған. 

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Бұрын бірнеше жыл бойы тұрғын үй секторында қызмет жасаған шенеунік пәтер алғысы келген тұрғындарды оңай алдап соққан. Бұрынғы әкімшілік қызметкері мемлекеттік бағдарламамен пәтер алғысы келгендерге ақылы қызметін ұсынған. Ол баспананы тезірек алудың жолдары бар екенін айтып, ақша алып отырған. 26 тұрғын бұрынғы шенеунікке қаражат төлеп, кезегін күтпестен баспанаға қол жеткізбек болыпты. Пәтер алудың оңай жолын ұсынған адам ақша алған соң, бір-екі айдың ішінде мәселені шешіп беруге келіскен. Ол кейін ақшаны алған соң, қашқақтап телефон көтермей қойған. Алданған 26 азамат полицияға шағым түсіріпті. Полиция құрығына іліккен бұрынғы шенеунікке қатысты бүгінде сот үкімі шықты. Қазыбек би ауданының №1 сотының судьясы Әлия Жошева «Сотталушы ҚР ҚК 190-бап 3-бөлімі бойынша  айыпты деп танылып, орта деңгейдегі қауіпсіздігі бар қылмыстық атқару жүйесінің түзету мекемесінде 4 жыл жазасын өтесін» деген шешім шығарды. Пәтерді  таныс арқылы тез алуды мақсат тұтқан тұрғындар жүз мыңнан бір миллионға дейін ақшаларын ұстатып, сан соғып қалған.

Арайлым Еркебаева, Қарағанды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ауру ошағы көбейген Ботақара карантинге жабылды

Жек Мам 17 , 2020
Оқылды: 1  467 Қарағанды облысында Бұхар жырау ауданының орталығы Ботақарада он адам короновирусқа шалдыққан. http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағанды облысында 16 мамырдағы жағдай бойынша короновирусқа шалдыққан 13 адам тіркелді. Індетпен ауырғандар Қарағанды, Теміртау, Топар, Шахтинск қалаларымен Бұхар жырау, Абай ауданының тұрғындары. Өңірде Теміртау мен Бұхар жырау орталығы Ботақарадан […]