Қазақстанның қай жерінде демалуға болады

Танымдық қызықты ақпарат

Биыл қауіпті індеттің пайда болуына туристік компаниялардың көпшілігі дағдарысқа ұшырады. Алдағы уақытта шетелге шығу қиындау болар. Біле білсек, Қазақстанда да демалуға болатын табиғаты тамаша жер көп екен. Үкімет пен демалыс орындары мекемелері бірлесіп, саяхатшыларға шетелдегідей жағдай жасаса, жергілікті халық та алысқа ұзамай, туған жердің қасиетін сезінер ме еді? 

Әркімге туған жері-Мысыр шаһары

Ендеше, еліміздің тарихи, көрікті демалыс орындарымен таныс болыңыздар!

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Бурабай  

Бурабай курорт қалашығын шынында  да «қазақтың Швейцариясы» деп атайды. Ол бірегей табиғи таулы-орманды кешенде орналасқан және барлық жастағы туристерді қызықтырады. Әркім бұл жерде өз талғамына сай жер табуы мүмкін. Біреуге Көкшетау тауына серуендеу ұнаса, кейбір саяхатшыларға таза көк-жасыл түсті Шортанды, Бурабай, Үлкен және Кіші Шабақты көлдеріндегі жағажай демалысы жағымды, тағы біреулері жоғары минералды хлорлы-натрийлі-магний суы бар шипажайда денсаулығын жақсартқысы келеді.

«Сарыағаш» курорты

Аталған курорттың  емдік минералды суы бүкіл әлемге мәлім. Бірақ оны дәл бұлағынан ішкендей бола ма? «Сарыағаш» курорты Көктерек кентінің бақша-саябақ сілемінің алқабында орналасқан және Қазақстандағы ең танымал шипажай  мекемелерінің бірі болып саналады. Ол негізінен созылмалы асқазан – ішек ауруынан зардап шегетіндер үшін Сарыағаш минералды суының шипасы мол. Асқазан және он екі елі ішек жарасы, созылмалы өт қалтасы, созылмалы өт жолдары сырқаттары, өт қалтасы мен өт жолдарына тас байланғанда, созылмалы бауыр аурулары, көк бауыр, сусамыр, созылмалы колит, энтероколит, дисбактериоз сияқты бірнеше түрлерін сауықтырады. Осы аталғандардың барлығын да минералды су жақсы емдейді. «Сарыағашқа» ем іздеп келетіндердің арасында бауырдың және өт жолының (созылмалы гепатит, созылмалы холецистит, өт бөлетін жолдың дисфункциясы) созылмалы ауруларынан зардап шегетіндер жиі кездеседі. Минералды суды осындай науқастарға ішуге кеңес беріледі. Шипалы су бүйректегі, өттегі құмды шаяды. Санаторийдің негізгі емдеу факторы «Сарыағаш» минералды суы болып табылады.

 «Алуан түсті» Алакөл көлі

Жоңғар қақпасы асуына жақын, көлге тура таяу жерде екі әсем курортты қалашық: Қақанбай және Барлық-Арасан орналасқан. Бір кездері осында ғарышкерлер сауықтырудан өткен. Ал қазір Алакөлдің емдік хлорлы-натрийлі суы Қазақстанмен қатар Ресей және Қытай халқын қызықтыруда. Бұл курортты дайверлер де қатты жақсы көреді. Көлдің суы өте мөлдір. Егер сәті түссе, жағадан және шағын аралдардан сирек кездесетін қызғылт бірқазанды жолықтыруға болады.

Алакөл суы емдік қасиетке бай. Оны заманауи медициналық зерттеулер жүргізу барысында дәлелдеген. Демалушылардың көбі Алакөлге шипа іздеп келеді. Көл суы радикулит, артрит, тері ауруларына шипа болып, адам денсаулығына жағымды әсерін тигізеді. Заманауи медициналық зерттеулер көл суының емдік қасиетін дәлелдеді.Даланың таза ауасы, тұзды су, құрамында кремний көп жанартау ыстық жұмыр тасы – тері, буын ауруларында, ерлер мен әйелдер қиындықтарында, ересектер мен балалардағы иммунитет әлсіреуінде емдік әсер береді.

Баянауыл

Бұл климаттық курорт-Павлодар облысындағы өзімен аттас ұлттық саябақтың аумағында орналасқан. Қазақстан мен Ресейдің барлық түпкірінен ағылатын туристер таулар, ормандар, көлдер, үңгірлер, сарқырама, шатқалдарды және ежелгі жартасқа салынған суреттерді тамашалап, рахаттанады. Торайғыр және Жасыбай қорық көлінің жағасында келушілерді жыл бойы күтіп алуға дайын шипажай мен демалатын жайлы үйлер орналасқан.

 Балқаш

Жағажай демалысын, желкенді спортты және спорттық балық аулауды жақсы көретіндер әлемдегі ең ірі (ұзындығы 614 шақырым) ағынсыз су айдынының жағасында демалғанды ұнататыны анық. Таңқаларлығы, Балқаш көлінің  батыс бөлігінде – тұщы, ал шығысында – тұзды су. Сондықтан оның жағаларындағы табиғат осындай қарама-қайшылықтармен ерекшеленеді.

Алматы. Алатаудың баурайы

Әрине, ғажайып өлке әдемілігімен әлемнің әр түпкірінен туристерді тартатын Қазақстанның оңтүстік астанасындағы көрікті орындарды айтып кетпесек болмайды.

Іле Алатауы – Тянь-Шаньнның солтүстік-батысындағы тау жоталары. Белсенді демалысты ұнататындар оның шыңдарын бағындырса, Алатаудың орталық бөлігіндегі табиғи қорықтың қылқан жапырақты орманы тыныштықты қалайтындардың көңілінен шығатыны айқын. Ал оның таза көлдері:

Үлкен Алматы көлі; Гүлге оранған алқап пен ормандар қоршауындағы Есік көлі; Іле Алатауы мен Күнгей Алатау жоталарының арасында орналасқан атақты Көлсай көлі;

Осынау табиғат аясындағы тамаша орындар ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны аян. Шарын каньоны – Қазақстандағы жерлердің бірі. Оның қабырғалары күн батқан кезде жайнаған ашық қызыл  боялатын. Онда неғұрлым көп серуендеген  сайын, үңгірлерді, тау  қуысы мен айқұш-ұйқыш сызаттарды соғұрлым көбірек кездестіре  бересіз.

Түрген шатқалы – жоғары талғамға сай көркем аймақ. Бұл жерден сарқырамаларды, суы тәтті бұлақтарды және әуесқой  балықшыларды қызықтыратын тау өзендері ағып жатады.

«Рахманов бұлақтары»

Бұл курорттың тарихы өте қызық. Аңыз бойынша оның емдік сульфатты-гидрокарбонатты натрий-магнийлік бұлағын шаруа Рахманов 1793 жылы тапқан екен. Ол өзі жаралаған бір марал бұлақтың біреуіне шомылып, айығып кеткенін байқаған. Шипажай Қазақстанның шығысындағы Алтай тауларының  төсінде Қатон-Қарағай табиғи саябағының аумағында орналасқан.

 

Қарқаралы 

Қарағанды облысының ең байырғы, әрі мәңгі жас қаласы. Кезінде Қарқаралы арқылы Орта Азиядан Сібірге бағытталған керуен жолдары өткен. Қарқаралы – таулар, көлдер мен орман-тоғайлар мекені. Мұнда Шайтанкөл, Бассейн, Пашенное, Үлкенкөл көлдері, табиғи Тас қақпалары, ұланғайыр Палатка үңгірі, жартасты Шаңкөз шыңдары, Көктөбе, Қарқаралы, Тұрсын, Сынтас, алғашқы адам мекен еткен Малықсай шатқалындағы үңгір және басқа да табиғи және тарихи ескерткіштер жетерлік. Қазір Қарқаралыда 10-нан астам демалыс аймақтары бар. Оның ішінде атап өтсек: АО «АрселорМитталТеміртау» көмір департаментінің «Шахтер» демалыс үйі, «Сосновый бор», «Тас бұлақ» тау отелі, сауықтыру лагерлері. Жұрттың бәрі мұндағы суықбұлаққа тамсанады. Ондағы су сәл газдалған және секундына жарты метр күшпен бүлкілдеп тұрады. Қарқаралының таулы өзендері үлкен және кіші Қарқаралы Құрөзек арнасына құйылады. Қарқаралы таулары өздерінің далалық және таулық деп аталатын көлдерімен де аты шыққан.

Ақпарат kz.everydayme.com сайтынан алынған

aimaq09.kz сайтына дайындаған

Аида Бертукенова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың төтенше жағдай режімі жайында қысқаша мәлімдемесі

Сей Мам 12 , 2020
Оқылды: 2  802 Еліміздегі індеттің таралуына орай санитарлық-эпидемиялық талаптар сақтала ма?  http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Мамырдың 11-күні  ҚР Президенті еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталғанын ресми мәлімдеді. Дегенмен, кейбір аймақтарда коронавирус инфекциясының  таралуы бәсеңдемегендіктен, карантиндік шектеулер өңірдегі жағдайға қарай біртіндеп алынатынын ескертті. Мамырдың 11- бастап елімізде дүкендердің біразы ашылып, […]