Алдымен 2025 жылғы әлемдік оқиғалар шолу жасасақ. 2025 жылы 9 мамырда әлем Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді. Бұл тарихи күнге орай түрлі елдерде еске алу іс-шаралары мен саяси оқиғалар жалғасып жатыр. Известия.iz жаңалықтар базасы хабарлағандай (https://en.iz.ru/en/1868547/maria-saipova/victory-day-parade-2025-who-will-come-moscow-may-9th?utm_source=chatgpt.com) Ресейдің Мәскеу қаласының Қызыл алаңында дәстүрлі әскери шеру ұйымдастырылады.
Ресей президенті Владимир Путин бұл іс-шараны елдің әскери қуатын көрсету және тарихи жадыны сақтау мақсатында ұйымдастырды. Шеруге Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Бразилия президенті Лула да Силва, Сербия президенті Александр Вучич және басқа да елдердің басшылары қатысады. https://ria.ru/20250430/parad-2014461706.html
Ал Украина елінің президенті Владимир Зеленский Мәскеудегі шеруге қарсы шабуыл жасалуы мүмкіндігін ескертті. Ол Ресейдің үш күндік бітім жариялауын жеткіліксіз деп санап, толыққанды бейбіт келіссөздерге шақырды
.The US Sun Ұлыбританияда бұл күнге орай бірнеше іс-шара өтеді. Король Чарльз III және патшайым Камилла әскери шеру мен әуе көрсетілімін тамашалайды. Сондай-ақ, ардагерлерге арналған шай кеші ұйымдастырылады.
АҚШ президенті Дональд Трамп 8 мамыр бұдан былай АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы ресми Жеңіс күні ретінде саналуы керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. АҚШ үкіметі Совет үкіметіне Ленд-лиз бағдарламасы арқылы көптеген қару-жарақ берген. Соның көмегі де Совет әскерінің фашистік Германияның әскерін жеңуге көп септігін тигізді. Сондықтан жеңіске жетуге АҚШ үкіметі аса көп ықпал еткенін тілге тиек етті.
Жалпы 2025 жылғы 9 мамыр Жеңіс күні тарихи маңыздылығымен қатар, қазіргі геосаяси жағдайдың күрделілігін де көрсетті.
Бұл соғысқа әлем елдері қатысты. Алайда Ресей, АҚШ сияқты алпауыт елдердің басшылары соғыста жеңімпаз ретінде өздерін ғана көрсетіп отыр.
Аталмыш мереке қазақ халқының тарихында қандай орын алады?
9 Мамыр – қазақ халқының тарихи жадында ерекше орын алатын, қасиетті де қасіретті күн. Бұл күн – миллиондаған адамның жанын қиып, бейбітшілік үшін күрескен батырларды еске алу күні. Қазақ халқы үшін бұл жай ғана күнтізбедегі атаулы күн ғана емес, ұрпақтың парызына айналған тарихи аманат. Қазақ халқы үлкенге – құрмет, ерге – тағзым ету дәстүрін ұстанады. Сол себептен де бұл күнде батырларымыздың есімін айтып, еске алуымыз парыз.
9 мамыр – ардагерлеріміздің алдында бас иіп, олардың өнегесін жас буынға жеткізетін күн.
Дегенмен ұлт ретінде майданға қосқан үлесіміз зор болды.
Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңнан астам адам майданға аттанды. Бұл сол кездегі жалпы халықтың төрттен бір бөлігі. Олардың қатарында Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов және т.б. ерлік үлгісін көрсеткен батырларымыз бар. Олардың ерлігі тек әскери шеберлікпен емес, рухтың беріктігімен бағаланды.
Майдан даласында ғана емес, тылда қалған ата-әжелеріміз де күн-түн демей еңбек етті. Ауыл шаруашылығында, зауыт-фабрикаларда аянбай тер төкті. Жеңіс бізге оңай келген жоқ, сондықтан оның қадірі біз үшін ерекше. Бұл – тек еске алу емес, бейбіт өмірдің құнын ұғыну. Жыл сайын бұл күнді атап өту арқылы біз бейбіт өмірдің, тыныштық пен тұрақтылықтың қаншалықты қымбат екенін еске түсіреміз.
Жеңістің құны – жылдарға созылған ауыртпалық, қиындыққа ұшыраған тағдырлар, жетім-жесір қалған балалар мен аналар.
Дильназ Медетбекова
академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің
4-курс студенті