АҚШ елшісі Атыраудағы оқушылар сарайында болды 

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Атырау облысына жұмыс сапары аясында Абай атындағы оқушылар сарайына келіп, ондағы JasSpace STEAM орталығының жұмысымен танысты. 

Оқушылармен кездесіп, балалар жасаған STEAM жобалармен, роботтар прототиптерімен танысқан елші Дэниел Розенблюм JasSpace – уақытпен санаспай атқарған үлкен еңбектің жемісі екенін атап өтті. Және STEAM орталықта атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады.

Қазіргі уақытта STEAM орталықта 7-11 сынып оқушылары «Робототехника», «Инженерияға кіріспе», «3D модельдеу және басып шығару», «Жасушалық биология», «Анатомия», «Химия», «Ағашпен жұмыс» сынды интеграцияланған 16 курс бойынша білім алып жатыр.

Елшіні қабылдаған JasSpace бағдарламасының жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова STEAM орталықтың жұмысымен таныстырып өтті.

«Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаның басты мақсаты – Атырау жастары арасында заманауи STEAM білім беру әдісін насихаттау. ​ Ашылғанына бір жыл толып отырған ​ STEAM орталықта күні бүгінге дейін 5000-ға жуық оқушы түрлі оқу бағдарламалары аясында білім алып шықты. Оқушыларымыз қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Жақында ғана біздің оқушыларымыз жасап шыққан биші робот Теміртау қаласында өткен республикалық конкурста жүлделі номинацияны иеленді. Республикалық «Жасыл ұрпақ бәйгесі» конкурсында эко-жылыжай салу үшін грант жеңіп алды» деп атап өтті жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

​ JasSpace орталығында оқушыларға STEAM бағытта білім берілумен бірге, ерте жастан кәсіптік даярлау жобасы жүзеге асып жатыр.

STEAM бағытта білім беру әдісі бүгінде Америка, Сингапур, Жапония сынды әлемнің озық елдерінде трендке айналып отырғанын ескерсек, Қазақстан жастарын дамытуда JasSpace кеңістігінің маңызы зор.

Баян Жанұзақова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Мевлана Руми музейі

Жұм Мам 19 , 2023
Оқылды: 355 Мевлана музейі Конья қаласына келгендер міндетті түрде бас сұғып, зиярат жасайтын орын – Мевлана музейі. Бұл музей парсы ақыны Румидің құрметіне жасалған. Мевлана – біздің мырза дегенді білдіреді. Султан Ала ад-дин Кей-Кубад I арнайы шақырып алдырған Румиді халық Мевлана атаған. 1273 жылы ақын осы музей тұрған орынға жерленген. […]