Түрік елшісі ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады

Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келген қазақстандықтарды ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

«Қазақстанда арнайы шот ашылды. Ол шотқа Түркия елшілігі жауап береді. Қазір Қазақстан тарапы да арнайы шот ашатыны туралы әңгімелер айтылып жатыр. Сіздерге өтініш, ақпаратты тек ресми көздерден алсаңыздар. Өйткені түрлі адамдар бар, алаяқтық әрекеттер болуы мүмкін. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйеніп қана шешім қабылдауды өтінеміз», – деді Төиенше және өкілетті елші Астанада өткен брифингте.

Уфук Екиджи мырзаның айтуынша, Қазақстандағы Түркия елшілігі арқылы үш қалада көмек қабылданып жатқанын айтты: «Біз гуманитарлық көмек қабылдауды жалғастырамыз. Астанаға жеткізілген көмек елшілікке жиналып жатыр. Сондай-ақ, ел аумағындағы өзге де өкілдіктерімізде көмек жинау орындары ашылған. Бұл – Алматы және Ақтау қалаларындағы бас консулдық тар. Қарапайым адамдардан бөлек Қазақстан Үкіметі де көмек беріп жатыр. Екі ұшақпен іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар жіберілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы 1 млн доллар көлемінде шұғыл көмек беру туралы шешім қабылдағанын білеміз». 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Стамбул-туристер қаласы

Бей Ақп 9 , 2023
Оқылды: 326 Азия мен Еуропаның тоғысқан нүктесі – Стамбұлдың аса маңызды нысаны саналатын Галатапорт Стамбұлдың арқасында қала круиздік туризмнің орталығы аталады. Қаракөй ауданында қалпына келтірілген тарихи мекен Стамбұлдың қарқынды дамып келе жатқан круиздік туризміне әлемнің назарын аударады. Жағалауының ұзындығы сегіз мың шақырымнан асатын Түркия Жерорта теңізі бассейніндегі өте әдемі туристік […]