1 сәуір – Қазақ өнері күні

Қадірлі бауырлар!
Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі 1 сәуір – Қазақ өнері күні болып белгіленген. Бұл күн қазақтың дарынды дирижері, композитор «Аққу», «Әлқисса» сынды күйлердің авторы Нұрғиса Тілендиевтің туған күніне орайластырылып белгіленген. Кезінде Нұрғиса екеуміз бірлесіп «Әкеме» атты әнді жазған едік. Сол ән әлі күнге дейін сахнадан түспей келеді. Өнер иесіне халық тарапынан берілген бағаның үлкені осы болса керек. Қазақ өнері күні ұлтымыздың асыл қазынасын ұлықтауға бағытталған мәні ерекше күн екені даусыз. Осы атаулы күнмен қазақ өнерінің дамуына, іргеленуіне үлес қосып жүрген барлық өнер иелері мен қолөнер шеберлерін шын жүректен құттықтаймын. Ұлттық өнері ұлықталған халықтың болашағы жарқын, келешегі кемел. Қазақ өнері жасай берсін!

Мұқтар Шаханов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

1 сәуір - Қазақ өнері күні

Бей Нау 31 , 2022
Оқылды: 1  060 Игі бастама. «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясымен әзірленген ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде 1 сәуір – Қазақ өнері күні болып белгіленген. Бұл күні  қазақтың дарынды дирижері, композитор Нұрғиса Тіленді дүниеге келген. Нұрғиса Тіленді  күйші композитор, дирижер, дәулескер домбырашы. 1981 жылы оның тікелей ұйымдастыруымен «Отырар сазы» […]