«Айбын-2021»  республикалық жастар жиынына дайындық

 Елімізде «Айбын-2021» VII республикалық жастар жиыны бастау алғалы, оқушылардың дайындықтары да арта түскен. Шараның басты мақсаты – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, әскери-патриоттық клубтардың қызметін ұйымдастыру, жастарды ҚР Қарулы Күштердегі әскери қызметке дайындау болып табылады.


Еліміз үшін ең беделді болып табылатын, «Айбын» республикалық жастар жиыны, өз кезегінде ауқымды әскери-патриоттық іс-шара. 6-қазан мен 30-қараша аралығында өтетін республикалық жастар жиынына Қарағанды қаласына қарасты
Ю.Н. Павлов атындағы мектептің оқушылары да қатысып отыр. Отанды сүюдің бастамасын көрсететін оқушылар бүгінгі күні: «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойыны, тоғызқұмалақ, «Smart Sarbaz» робототехника, «Жас сарбаз – Жас тілшісі» медиа конкурс, «Саламатты Жас сарбаз», «Айбын Жұлдызы» шығармашылық конкурсы, «Мейірімділік біріктіреді» челленджі, АК-47 толық емес  бөлшектеумен қатар, дене шынықтыру нормативтерін тапсырудан бақтарын сынауда.
– Бүгін біздің мектептің оқушылары, «Айбын-2021» республикалық жастар жиынында өз бақтарын сынауда. Бұл ретте
10-ұл, 5-қыз сайысқа барынша дайындалған. Жас сарбаздарымызды отанымыздың лайықты азаматтары, патриоттар деп білемін. Шараға қолдау танытқан Қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне алғысым шексіз. Бүгін оқушыларымыз автоматты бөлшектеумен қатар дене шынықтыру нормативтерін тапсыру үстінде. Қатысушыларға сәттілік тілеймін. Жастарымыз сайысты жеңіспен аяқтайды деген үміттемін» – деді жас сарбаздарды дайындаушы мұғалім Алтыншаш Айтқұлова.
Естеріңізге сала кетейік, дәстүрлі  сарбаздар сайысы елімізде жетінші рет өткізіліп отыр. Әскери шеберлік сынына Қарағанды облысынан 6 команда дайындалған. Байқау форматы – онлайн. Оның өту барысын веб-сайты мен «Айбын» қосымшасы арқылы бақылауға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Министрлерге сенатордан сұрақ

Бей Қаз 21 , 2021
Оқылды: 748 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е.З.ТҰРҒЫМБАЕВҚА Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. АЙМАҒАМБЕТОВКЕ   Құрметті Ерлан Заманбекұлы! Құрметті Асхат Қанатұлы! Бізді, сенаторларды, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қатты алаңдатады. Жуырда Қазан мен Пермьдегі оқушылардың қайтыс болуына байланысты орын алған қайғылы оқиға білім беру мекемелерін қорғауға […]