Қарағандыда Қазақтың ұлттық күнтізбесіндегі 9 сәуір – Мемлекеттік тіл күніне орай «Халық мұрасын насихаттағаны үшін» сыйлығы иегерлерінің есімдері аталды. «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясының ұлттық құндылықтарды сақтау, насихаттауға бағытталған жеке бастамалар мен жобаларды атап өтуге арналған жыл сайынғы республикалық «Халық мұрасын насихаттағаны үшін» сыйлығы тағайындалған. Аталған сыйлықты тағайындаудағы мақсат […]

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай көкпардан «Өнер көкпары» республикалық турнирінде Қарағанды облысының құрамасы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. Турнир Жамбыл облысы,Тараз қаласындағы «Бестөбе» атшабарында өтті. Алғашында «Qaraģandy» өнер-көкпары командасы Шымкент қаласының «Құлагер» командасымен бәсекеге түсіп, 2:1 есебімен жеңілген еді. Екінші […]

Қазақстандық білім жүйесіндегі кадрлық мәселелер жайлы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев NUR.KZ порталының тілшісіне пікір білдірді. Кадрларды дайындау мәселесі бірінші орында тұруы керек. Яғни жоғары оқу орындарында оқытушы мамандығы беделді болуы тиіс. Сонда жастар оқытушылыққа ұмтылады, ғылымға бет бұрады. Білім саласындағы өзекті мәселерді талқылай келе, Талғат Нәрікбаев елімізде жекеменшік […]

Соңғы жылдары қазақстандық түлектер жаппай шетелге кетіп жатыр. Көршілес Ресейдің өзінде ғана 70 мыңнан астам қазақстандық түлек ЖОО-да оқиды. Сарапшылардың айтуынша, отандық жоғары оқу орындары ресейлік университеттерден кем емес. Осы орайда, білім миграциясын қалай тоқтатуға болатыны туралы Академиялық адалдық лигасы Жалпы Жиналысының мүшесі Талғат Нәрікбаев мәлімдеді. Студенттердің шетелге кетуінің негізгі […]

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2021 жылы 30 наурыз күні «Оқырман бенефисі» мерекелік құттықтау бағдарламасы өткізілді. Осы жылғыіс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 2021 жыл Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы аясында өтті. Балалар кітабы апталығы аясында кітапхананың үздік оқырмандары номинациялары жарияланған. Жылдың ең үздік оқырмандары келесі […]

Әр адамның өмір сатысымен өсер жолында кішкене және үлкен жеңістер болуы қажет. Солардың арқасында маңызды бір нәтижеге қолы жетуі мүмкін. Яғни, үлкен арман жолында көптеген кіші армандар орындалып, кішкене жеңістерден өту керек. Халық, қоғам, мемлекеттің де өсер жолы осындай күнделікті жеңістерден тұрады.   Қазақ елінің соңғы тарихына қарасақ, өзінің тағдырын […]

Ата-бабамыздың танымында Наурыз адам мен табиғаттың «жаңаруы», жаңа өмірдің бастамасы ретінде қабылданған. Наурыз мейрамын тойлауды дәстүрге айналдырған, Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің қызметкерлері «Тарих күні» арқылы еліміздің кешегісі мен бүгінімен танысып, Қазақ жерінде ұлыстың ұлы күнін тойлаудағы ұрпақтар сабақтастығын саралаған болатын! Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің мамандары мен облыстық тарихи […]

Әскери қызметшілер мен мәдениет саласының қызметкерлері ұйымдастырған көрме   Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Білім және даналық күні» атауымен ерекше көрме өтті. Аталмыш шараны, мәдениет саласының қызметкерлері мен Қарағанды облысы Қорғаныс істері жөніндегі Департаменттің мамандары бірлесіп ұйымдастырды. Бейнелеу өнері музейінде тарихы тереңнен бастау алатын Наурыз мейрамы аталып өтті. Жәдігер ретінде […]

Жайлы. Ыңғайлы. Қауіпсіз Шымкент гарнизонында өмір сүруге ыңғайлы, жанға жайлы барлық жағдай жасалған. Әскери қалашықтағы өмір мен тұрмыс туралы әскери қызметшінің қызы Жансель Дастанқызы әңгімелейді.    

Қызығы мен қиындығы мол кинолог мамандығы туралы, жұртшылық біле бермеуі мүмкін. Көп елене бермейтін, бірақ дүйім жұрттың тыныштығы үшін итті баптап, баулып, қарайтын із кесушілердің еңбегі ұшан-теңіз. Қарағанды қаласы, Әскери полиция бөлімі қызметкерлерінің жұмыстары иісшіл иттер көмегімен ерекшеленеді. Кездесетін есірткі, жарылғыш заттардың болмауын қамтамасыз етуде иттердің алатын орны ерекше. Мамандықтың […]