Әскерилер тарихи-өлкетану музейінде

Ата-бабамыздың танымында Наурыз адам мен табиғаттың «жаңаруы», жаңа өмірдің бастамасы ретінде қабылданған. Наурыз мейрамын тойлауды дәстүрге айналдырған, Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің қызметкерлері «Тарих күні» арқылы еліміздің кешегісі мен бүгінімен танысып, Қазақ жерінде ұлыстың ұлы күнін тойлаудағы ұрпақтар сабақтастығын саралаған болатын!

Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің мамандары мен облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері «Тарих күнін» облыс аумағында, мәдени ошақта атап өтті.

Аталмыш шара Наурыз мейрамын ерекше атап өту шеңберінде ұйымдастырылды. Әскери қызметкерлер мен мәдениет саласының бірлесе атқарған мұндай жиыны арқылы, болашақта «Қазақ тарихы» күнін неғұрлым кең көлемде атап өту жоспарланып отыр.

Наурыз-шығыс халықтарының жалпыұлттық мерекесі. Сондықтан біз Наурыз мерекесін атап өтуге байланысты арнайы жоспар жасаған болатынбыз. Бүгін облыстық тарихи өлкетану музейінде «Тарих күні» аталып өтіп жатыр. Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады. Осындай шара арқылы жас ұрпақ тарихты ұмытпай, батырларымызды ұлықтайды. Біз өз кезегімізде жұмыла ат салысқан шараға қолдау танытқан, облыстық тарихи өлкетану мұражайына ризашылығымызды білдіреміз, – деді Қарағанды гарнизоны әскери полиция бөлімінің командирі майор Бауыржан Мұқашев.

Шараны тамашалаған көрермендер қазақ халқының қолөнерімен, салт-дәстүрімен, ұлттық жабдықтарымен танысып, мұндай жобаға тәнті екендіктерін жеткізді. 

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ержан Нұрмағанбетов та бұл мейрамның ерекшілігін баяндап берді: 

– «Наурыз мейрамын атап өту он күндігі негізінде, әскери қызметкерлермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Бүгінгі күн қазақ халқы үшін ең маңызды мерекелердің бірі. Ұлттық нақышта шырқалған әндер мен киіз үй көрермендерге қуаныш сыйлағаны анық.

Еліміздегі береке мен бірліктің тұрақтылығы арқасында Наурыз мейрамы бүгінде Қазақстанды мекендеген барша жұрттың   асыға күтіп, айрықша дайындалатын ортақ мерекесіне айналған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ұлттың болашағы-білікті мамандар

Жек Нау 28 , 2021
Оқылды: 1  163 Әр адамның өмір сатысымен өсер жолында кішкене және үлкен жеңістер болуы қажет. Солардың арқасында маңызды бір нәтижеге қолы жетуі мүмкін. Яғни, үлкен арман жолында көптеген кіші армандар орындалып, кішкене жеңістерден өту керек. Халық, қоғам, мемлекеттің де өсер жолы осындай күнделікті жеңістерден тұрады.   Қазақ елінің соңғы тарихына қарасақ, […]