Кинолог-қиын әрі қызықты мамандық

Қызығы мен қиындығы мол кинолог мамандығы туралы, жұртшылық біле бермеуі мүмкін. Көп елене бермейтін, бірақ дүйім жұрттың тыныштығы үшін итті баптап, баулып, қарайтын із кесушілердің еңбегі ұшан-теңіз. Қарағанды қаласы, Әскери полиция бөлімі қызметкерлерінің жұмыстары иісшіл иттер көмегімен ерекшеленеді. Кездесетін есірткі, жарылғыш заттардың болмауын қамтамасыз етуде иттердің алатын орны ерекше. Мамандықтың жаманы жоқ, дегенмен жақсы маман иесі болу үшін икемділік қажет. Ал оны өнер ретінде іске асыруда шеберлік қажет. Кинология қызметкерлерінің еңбегі қоғам мен мемлекеттің тыныштығы, қауіпсіздігінің кепілі екендігіне өте қажет әрі маңызды мамандық екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.

Кинолог – әскери қызметшілердің айтуынша, итпен байланыс орната білу аса маңызды. Бұл іске көбіне мінезі сабырлы иттер таңдалынып алынады. Қызметтік иттер күшік кезінде әкелінеді, оқу-жаттығу жұмыстары кезінде күшіктің жүріс-тұрысы, мінез құлқы бірден назарға алынады екен. Дайындық жұмыстары, серуендеу кезінде жалғасады. Жаттығу жұмыстары алғашқы кезде, жарты сағаттан – бір жарым сағатқа дейін ұласады. Күшік берілген тапсырмаларды орындап, алғырлығын танытса, басқа топтағы иттермен бірге келесі жаттығу түрлеріне жіберіледі. Дәл осы кезеңде, алаңдатарлық жағдайлар көп болса да, иттер тек иесін тыңдауда табандылық танытады. Иттермен жұмыс істеу кезінде, тапсырмаларды бұлжытпай орындаған төрт аяқтының қызметі ескеріліп, тәтті беріледі, қала берді олардың ойын ойнауға сүйікті ойыншықтары да ұсынылады. 2011-жылы Азиада ойындары мен қауіпсіздік іс-шараларына шақырту алған Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің мамандары, 2013-жылы әскери парадта әскери иттерімен тұңғыш рет сап түзеу шараларына қатысқан.

 – оқу-жаттығу шараларының жиі өткізілуі тәжірибе алмасуға көп мүмкіндік береді,- дейді мамандар. 2017-жылы Экспо халықаралық көрмесіне иісшіл иттердің көмегі қажет болып, Қарағанды гарнизонының әскери полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Төбелес, атыс болған жерлерде қылмыскерді ізін суытпай анықтау үшін кейде осы иттердің көмегіне жүгінетін кездер де болады. Төрт аяқты қызметкер жұмыс бабында берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындауға машықтанған. Иттердің табиғатын зерттеп, қызмет бабындағы тапсырмалар бойынша, иісшіл қабілетін дамытып отырады. Иттердің адамға деген адалдығы мен сенімділігін түсініп, олармен тынымсыз ізденетін кәсіби мамандар – кинологтар.

Кинологтар 2016-2017 жылдары Ресей мемлекетінде өткізілген ( АРМИ – 2016, АРМИ – 2017 ) халықаралық әскери конкурсында екі мәрте жүлделі орындардан көрініп, екінші орынды иеленді. Олар, атап айтқанда үш шақырым қашықтыққа қызметтік иттермен жүгіріп, мылтықпен нысаналарды көздеп ату, суда жүзіп өту, кедергілерді уақытқа еңсеру, қылмыскерді құрықтау кезінде иісшіл иттер тәртібімен ерекшеленген. Иісшіл иттер із кесу жұмыстарына да жұмылдырылады. Кинолог маманның қызметіне шыдамдылық пен тапқырлық қажет. Иісшіл иттер ішінде шыдамдылыққа бейімдісі неміс овчаркалары мен бельгия овчаркасы – Молинуа тұқымдас иттер кеңінен қолданылады. Олардың тағы бір ерекшелігі, аталмыш тұқымдас иттер күн райының құбылмалығына қарамастан қызметін жалғастыра береді. Қорғаныс, күзет қызметінде иттердің еңбек қабілеттілігі жоғары. Қарағанды гарнизоны әскери полиция бөлімінің кинолог мамандары, әртүрлі жарыстар мен семинарларға тәжірибе алмасу ісіне жиі қатысып тұрады. Мұнан бөлек лаңкестікке қарсы іс-қимылға қатысты оқу-жаттығу шараларына қызметтік иттер кеңінен пайдаланылады. Қарағанды гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметтік иттер тұрақ жайы өткен жылы халықаралық стандарттарға сәйкес күрделі жөндеуден өткізілген.

–  бала кезімде әскери қызметші болуды армандадым. Қазір қармағымда итім бар. Қызметім өзіме ұнайды, иттердің күтімі ерекше, қала көрмелерінде алғашқы жүлделі орынды жеңіп алдық. Кинолог мамандығы – менің өмірім. Бар білгенім мен тәжірибемді жас мамандарға үйрету, азаматтық парызым– дейді қауіпсіздік бөлімшесінің патруль басшысы, аға сержант Айдар Жаңбырбекұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Шымкенттегі әскери қалашық

Сей Нау 16 , 2021
Оқылды: 1  878 Жайлы. Ыңғайлы. Қауіпсіз Шымкент гарнизонында өмір сүруге ыңғайлы, жанға жайлы барлық жағдай жасалған. Әскери қалашықтағы өмір мен тұрмыс туралы әскери қызметшінің қызы Жансель Дастанқызы әңгімелейді.