Кітап сіздермен қоштаспайды

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2021 жылы 30 наурыз күні «Оқырман бенефисі» мерекелік құттықтау бағдарламасы өткізілді.

Осы жылғыіс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 2021 жыл Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы аясында өтті.

Балалар кітабы апталығы аясында кітапхананың үздік оқырмандары номинациялары жарияланған.

Жылдың ең үздік оқырмандары келесі номинациялар бойынша марапатталды:

  • «Ең бірінші оқырман» – Алина Леонкова, «№93 Гимназия» КММ, 3 «В» сынып.
  • «Кішкентай оқырман» – Алина Кан, 3 жас.
  • «Оқу рекордсмені» – Николай Булыгин «№2 Лицей» КММ, 8 «Б» сынып; Арман Темірғалиев, «№82 ЖББОМ», 3 «В» сынып.
  • «Болашақ детектив» – Данил Юшков, «№59 ЖББОМ» КММ, 7 «Ә» сынып.
  • «Фэнтези оқырманы» – Зейнеп Руфатқызы, Майлықожа атындағы НО, 9 сынып.
  • «Мәңгілік классика» – Таңат Нұрсұлтан, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты КММ, 9 «А» сынып.
  • «Адал оқырман» – Адия Қадырова, Қарағанды гуманитарлық колледжі, 1 курс студенті.
  • «Кітапхананың айнымас досы» – Нұркен Нәрікбаев, «А. Байтұрсынұлы атындағы №41 мектеп-гимназиясы» КММ, 11 «А» сынып; Даниил Абиев, «№63 ЖББОМ» КММ, 1 «Б» сынып.
  • «Оқитын отбасы» – Егінбаевтар жанұясы: әкесі Ерлан, анасы Шырын, ұлы Ералы және қыздары Көркем мен Еркем.

Номинанттарды марапаттау үшін белгілі әдебиетшілер, журналистер, блогер мен айтыскер ақындар шақырылды.  Шара соңында Балмұздақ өндіруші «Айза» ЖШС демеушілік етіп, балаларға балмұздақтар сыйлады.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ҚАЗАҚСТАННАН БІЛІМ МИГРАЦИЯСЫН ҚАЛАЙ ТОҚТАТУҒА БОЛАДЫ

Жұм Сәу 2 , 2021
Оқылды: 1  604 Соңғы жылдары қазақстандық түлектер жаппай шетелге кетіп жатыр. Көршілес Ресейдің өзінде ғана 70 мыңнан астам қазақстандық түлек ЖОО-да оқиды. Сарапшылардың айтуынша, отандық жоғары оқу орындары ресейлік университеттерден кем емес. Осы орайда, білім миграциясын қалай тоқтатуға болатыны туралы Академиялық адалдық лигасы Жалпы Жиналысының мүшесі Талғат Нәрікбаев мәлімдеді. Студенттердің шетелге […]