Әскери қызметшілер бейнелеу өнері музейінде

Әскери қызметшілер мен мәдениет саласының қызметкерлері ұйымдастырған көрме
 
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Білім және даналық күні» атауымен ерекше көрме өтті. Аталмыш шараны, мәдениет саласының қызметкерлері мен Қарағанды облысы Қорғаныс істері жөніндегі Департаменттің мамандары бірлесіп ұйымдастырды.

Бейнелеу өнері музейінде тарихы тереңнен бастау алатын Наурыз мейрамы аталып өтті. Жәдігер ретінде қазақ халқының көне бұйымдары көрермен назарына ұсынылды. Аталмыш іс-шара Наурыз мейрамын атап өту үшін, он күндік мереке қарсаңына ұйымдастырылған.
–    Наурыз – еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтып, ұлттық бірегейлікті сақтап, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, қоршаған ортаға деген құрметті қалыптастыратын мейрам. «Білім және даналық күні» атауымен бастау алған іс-шараның жас ұрпаққа берері көп. Сол себепті болашақта мұндай жобалар әлі де жалғасын табады деген сенімдеміз, – деп атап өтті, Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Мұхтар Қайшатаев.


– жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында қытымыр қыстың қаһары қайтып, малдың аузы көкке, адам аузы аққа тиетін бұл мейрамның орны бөлек,- дейді мұражай қызметкерлері. 
Жақсылықтың жаршысындай болған бүгінгі көрмеге кигіз үй жабдықтары, ұсталар мен шеберлердің қолынан шыққан түрлі бұйымдар топтастырылған.  Шенді әскерилер, бір мезгіл шапан киіп ән шашуын арнады. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мамандары мен музей қызметкерлерінің бірлесе өткізген жаңа форматтағы мерекелік мейрамының ерекшеліктері – Әз-Наурызды ұжымдық көлемде, ауызбіршілік деңгейінде атап өтуге жоғары мән берілген. Сонымен қатар, салт-дәстүрді жандандыру мен сананы жаңғыртуға ерекеш көңіл бөлінді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскерилер тарихи-өлкетану музейінде

Бей Нау 18 , 2021
Оқылды: 948 Ата-бабамыздың танымында Наурыз адам мен табиғаттың «жаңаруы», жаңа өмірдің бастамасы ретінде қабылданған. Наурыз мейрамын тойлауды дәстүрге айналдырған, Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің қызметкерлері «Тарих күні» арқылы еліміздің кешегісі мен бүгінімен танысып, Қазақ жерінде ұлыстың ұлы күнін тойлаудағы ұрпақтар сабақтастығын саралаған болатын! Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің мамандары мен […]