«Жасыл челлендж» республикалық іс-шарасы Түркістан облысында жалғасын таппақ

2022 жылдың 26 қазанында Қазақстанның экологиялық қорының бастамасымен «Green challenge» ағаш отырғызу республикалық шарасы Түркістан қаласының Мырзахан Пошанов атындағы №21 мектебінде және Кентау қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясында өтеді.

Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласының №43 қосымша білім беру мектеп орталығы алаңында бастау алған эко іс-шара Маңғыстау, Павлодар облыстарында жалғасып, енді эстафетаны киелі Түркістан жері қабылдады. Бұл шара 25 қазанда аталып өтетін Республика күні мерекесіне орайластырылған.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздеген, игі істе ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген бұл маңызды челленджге өңірдің әкімшілік қызметкерлері мен білім басқармасы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, экологтар, мектеп ұжымдары, ардагер ұстаздар, мектеп оқушылары мен жастар және т.б. табиғат жанашырлары қатысады деп жоспарланған.

Белгілі қоғам қайраткерлерінің, экологтардың, мектеп түлектерінің қатысуымен өтетін осындай іс-шара келешек ұрпақтың экологиялық ой-өрісін қалыптастыруға көмектесіп, табиғатты аялауға баулиды. Ал мұның барлығы сайып келгенде жастарды табиғатқа жанашыр болуға және экологиялық сананы  қалыптастыруға септігін тигізеді.

Айта кетейік, ағаш отырғызу «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өтеді.

Шараның өткізілу уақыты:

  • 26 қазан күні сағат 11:00-де Түркістан қаласының Мырзахан Пошанов атындағы №21 мектебінде;
  • 26 қазан күні сағат 15:00-де Кентау қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясында.

Жоба офисінің мекенжайы:

Астана қаласы, Е көшесі,3 үй, «Меркурий-2» ТК, +7 7172 57 43 68,

Жауапты тұлға:

Тел: +7 7013988564 – Қамария Рамазанқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Шардарада «Жастар» аллеясы ашылды

Бей Қаз 27 , 2022
Оқылды: 739 Қазақстанның Экологиялық қорының бастамасымен Түркістан облысының Шардара қаласында «Жастар» аллеясының ашылу салтанатты шарасы өтті. Өңір экологиясына маңызы зор экошара барысында 100-ден астам ағаш түбі отырғызылып, шағын сәулеттік пішін орнатылды. Биылғы Балалар жылына арнайы орнатылған шағын сәулеттік пішін келер ұрпақ санасында экомәдениет қалыптастыру кемел болашағымыздың кепілі дегенді білдірсе керек. […]