Жаңа оқу жылының басталуымен!

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті білім күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Іс-шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері, В. Б. Басин, «Қарағанды машина жасау консорциумы» ЖШС директоры, т. ғ. д., профессор, Б. М. Кенжин, Қарағанды облысының Құрметті азаматы, көмір өнеркәсібінің ардагері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, т. ғ. д., Г. М. Презент, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры, А. К. Қалықов, Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының төрайымы А. А. Ракишева сынды құрметті қонақтар,  жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Салтанатты жиын университеттің негізін қалаушы Әбілқас Сағыновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Басқарма Төрағасы – Қарағанды техникалық университетінің ректоры, Әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Марат Ибатов құттықтау сөз сөйледі. Бірінші курс студенттеріне арнаған сөзінде ректор жаңа оқу жылында университет ұжымы университеттің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында жаңа жоспарлар мен бастамаларды іске асыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді. «Ағымдағы жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне мемлекеттік грант бойынша 1100-ден астам студент оқуға түсті. Оның ішінде төртеуі-мектепті Елбасы медалімен бітіргендер, 26-сы – «Алтын белгі» медалінің иегерлері, 65-і-оқу үздіктері», – деп атап өтті Марат Кеңесұлы.

Сондай-ақ, шара барысында университет түлектері, құрметті қонақтар сөз сөйледі. Студенттік билетті бірінші курс студенттеріне тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Соңында қонақтарды жоғары оқу орнының көрікті жерлеріне экскурсияға шақырды, ал бірінші курс студенттері алғашқы кураторлық сағаттарға шақырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Елімізде алғаш рет ғылым, өнер және технологиялар фестивалі

Бей Қыр 1 , 2022
Оқылды: 464 2022 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан астанасында алғаш рет PRO.NRG FEST ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтеді. Фестивальдің негізгі мақсаты оқушылар мен олардың ата-аналары арасында ғылымға, өнерге және технологияларға деген қызығушылықты арттыру болып табылады. Фестиваль ұйымдастырушылары ғылымның, өнердің және технологияның алға басуы зумер ұрпағының сұранысына сәйкес келіп қана қоймай, […]