Зағип жандарға арналған қазақстандық жаңа Брайль құрылғысының ерекшелігі  

 

Ғалым Ғалымжан Ғабдрешов вайс қалай жұмыс істейтінін және инвестор кім болғанын айтып берді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 86 мың зағип адам бар. Олардың арасында әлі оқи алмайтын балалар да бар. Оларды сауаттылыққа және оқуға үйрету үшін жаттығулар жасалды.

– Ғалымжан, нашар көретіндер мен зағип жандар үшін жасалған Брайль өзін-өзі үйрету құрылғысы сіздің алғашқы құрылғыңыз емес. Бұрын сіз осындай адамдарға қоршаған ортада еркін жүруге мүмкіндік беретін құрылғыны ойлап таптыңыз. Сіз неге осы саламен айналысуға кірістіңіз?

Мені әрдайым ғылыммен шұғылдану қызықтырды. Бірнеше жыл бойы университеттер мен академияларда математика және бағдарламалау (программалау) пәні бойынша аға оқытушы болып жұмыс істегеннен кейін, өнертапқыштықпен белсенді айналыса бастадым. Менің көптеген инновациялық жобаларым әлі күнге дейін мемлекеттік және квази органдарда сәтті жұмыс істейді.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін өнертабыстармен жұмыс істеу маған көру қабілетінің жоғалу қаупі төнген кезде басталды. Содан кейін мен мүгедектігі бар адамдар үшін қаншалықты аз инновация жасалатынын білдім. Менің алғашқы өнертабыстарымның бірі арбаға байланған адамдарға арналған механикалық экзоскелет болды. Олар қазіргі таңда соны қолданып жүре алады.

Бірде мен биолокация арқылы көре алатын жануарлар туралы бағдарламаны көрдім – жарық емес, дыбыстық толқындардың шағылысуы. Осыдан кейін ұқсас функционалдығы бар құрылғыны ойлап тауып, оны балаларымның көмегімен сынай бастадым. Олар көздерін жұмып, менің құрылғымның арқасында қоршаған ортада жол тауып, жүруге тырысты. Содан кейін зағип жандар қатысқан көптеген сынақтар өткізілді. Осылайша, біраз уақыттан кейін зағиптар үшін алғашқы өнертабыс – белсенді дыбыстық биолокация технологиясы мен аппараты пайда болды. Соның арқасында зағиптардың визуалды кортексі қайта іске қосылады, ал зағиптар жаңа тәсілмен көре бастайды.

Екінші жобамен біз инженерлер командасымен 2018 жылдың мамыр айында жұмыс істей бастадық. Бізбен Нұр-сұлтан қаласының №10 мектеп-гимназиясының әкімшілігі байланысқа шықты. Біздің команда ерекше адамдарға арналған құрылғылар ойлап табумен айналысатынымызды білетін. Мектеп бізден Брайль жүйесін үйрену үшін электронды тактильді тренажер жасауды сұрады. Сол кезеңде маған таныс, толығымен көру қабілетін жоғалтқан,  жасы үлкен таныстарым да бар еді. Мен балаларға және таныстарыма жаңа жолмен оқуды үйренуге мүмкіндік бергім келді.

– Сіздің өнертабысыңыз туралы айтып берсеңіз, ол қалай жұмыс істейді?

Соқыр адамдарға саусақ-көздің орнына қызмет атқарады. Біздің құрылғымыздың мақсаты-баланы тактилді түрде, саусақтың ұшымен бедерлерді танып қана қоймай, оларды әріптерге айналдыруды үйрету. Содан кейін бұл әріптер мағыналы сөздерге, содан кейін сөйлемдерге айналады. Құрылғының дауыстық көмекшісі балаға белсенді көмектеседі, бұл оған өздігінен және кез-келген уақытта жаттығуға мүмкіндік береді.

Бұл технологияның көмегімен балалар тезірек оқуды үйренеді. Брайль шрифтін үйрену өте көп уақытты қажет етеді, балаларда ол бірнеше жылға созылуы мүмкін. Басында баланың саусақпен Брайль шрифтін тануы өте қиын. Егер бала саусағымен бір әріптен адасып кетсе, тифлопедагог оны сол әріпке қайта апаруға мәжбүр болады. Бұл үдеріс бала әрбір әріпті танып, ажырата алғанынша жалғасады. Сондықтан, оқу үдерісінде тифлопедагог бір уақытта бірнеше баламен ғана айналыса алады.

Елордада тифлопедагог бар бір ғана мектеп бар, ол 15 баланы оқытады. Қалған жүздеген соқыр балалар әртүрлі себептерге байланысты мектепке бара алмайды. Әрине, кейбір балаларға тифлопедагог қажет. Бірақ кез-келген жағдайда оқу қарапайым жұмыс режиміне қарағанда тезірек өтеді.

Тренажердың өндірісін іске қоспас бұрын біз тифлопедагогтармен бір жылдан астам уақыт жұмыс істедік, олардың ұсыныстарын тыңдағанымызды атап өту маңызды.

– Қазақстанда зағип балалардың сауаттылығы мәселесі қаншалықты маңызды?

Бұл үлкен мәселе. Егер біз соқырларға арналған американдық баспахана деректеріне сүйенетін болсақ, АҚШ-та зағип балалардың 50% – ы оқи алмайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш одан да жоғары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша Қазақстанда 160 мың зағип және нашар көретін адамдар бар, олардың 86 мыңы тіркелген. Көбісі тізімде жоқ. Мысалы, қарт адамдар қант диабеті, көз қысымы және жасына байланысты көру қабілетін жоғалтады.Олар мемлекеттік жәрдемақы алуға жүгінбейді, есепке алынбайды. Мен мұндай жағдайлардың көп екенін білемін.

– Әлемде сіздің жаттығуыңыздың аналогтары бар ма?

Әлемдегі тифлотоварларды қадағалайтын бейінді мамандардың деректері бойынша қазіргі бар шешімдердің пайдасы аз. Мысалы, Ресей көп жылдар бойы белгісіз себептермен соқырларға арналған өзін-өзі оқуға үйрету құрылғысы деп аталатын құрылғы шығарады. Бұл таяқшаларды салуға болатын алты тесік бар қарапайым тақта. Бірақ іс жүзінде бұл өзін-өзі үйрету құрылғысы емес, өйткені сауаттылықты дамыту үшін соқыр адамға мұғалім қажет. Сондықтан бізге сондай құрылғыны дамыту туралы өтініш түсті, ал біздің аппарат мемлекеттің шешіміне сәйкес алғашқы толыққанды өзін-өзі үйрету құрылғысы болып табылады.

Айта кетер жайт, біз алғашқы өнертабысқа халықаралық патент алған кезде, швейцариялық патенттік сенім білдірушілер зағип жандарға арналған өнертабыс соңғы рет 1964 жасалғанына таң қалды. Олардың көпшілігі мұрағаттарда шаңға басылып жатыр екен. Бұл осы нарыққа өнертабыстарды енгізудің үлкен қиындығына және инвесторлар тарапынан қызығушылықтың болмауына байланысты.

– Сонда, сізде зағип жандарға тренажерларға патент бар ма?

Иә, бұл өнертабысқа патентті біз Қазақстанда тіркедік.

– Сіз бұған дейін әзірлеушілер тобы туралы айтып өттіңіз, ол туралы толығырақ айтып берсеңіз. Сіз олармен қалай таныстыңыз?

Біз бір-бірімізбен ортақ достар арқылы таныстық және біртіндеп қызықты технологиялық жобалар жасай бастадық. Нұрбек Еңсебаев пен Әбділда Шәменов – «Болашақ» бағдарламасының түлектері. Бұрын Қазақстанда және шетелде түрлі инновациялық жобаларды басқарған. АҚШ-та орналасқан команда мүшесі Элисар Нұрмағамбетов бұған дейін Consilienz алаяқтықпен, ақшаны жылыстатумен және адам саудасымен күресудің бірегей жүйесін әзірлеген болатын. Жинаған білім, тәжірибе және нетворкингті олар біздің инклюзивті жұмысымызда қолданады. Сондай-ақ, топ мүшелерінің ішінде Дастан Сағынәлі, Тимур Еңсебаев, Жазира Молдыбекова және Султан Кульбасов бар.

– Сіз біздің елден тыс жерлерде де құрылғылар шығарасыздар ма?

Дұрыс, бұл мәжбүрлі қадам-Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістер жоқ. Біз өз аппараттарымызды Қытайда-Гуанчжоуда шығарамыз. Біз бірнеше Қытай зауыттарымен жұмыс жасаймыз.Олардың әрқайсысы біздің аппаратымыз үшін белгілі бір бөлшектерді өндіреді. Девайстың барлық компоненттері Қытайда шығарылғаннан кейін, ол Қазақстанға жіберіледі. Осында біз оны жинаймыз және чиптейміз. Яғни, біз әзірлеген бағдарламалық бөлікті «өлі» электроникаға саламыз.

– Сіздің ойыңызша, Қазақстанда сіз сияқты жобаларды ілгерілету неге қиын?

–  Президенттiк ету кезінде Н.А. Назарбаев керемет жол картасын жасады. Онда кез келген ғалымдарға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сияқты ұйымдар арқылы өндірісті ашуға, Ғылым қорынан қаржы алуға мүмкіндік берілген болатын, Сыртқы істер министрлігінен бастап технология трансфертіне дейін. Осының барлығы Қазақстанды дамыту үшін және елдің ашық болашағы үшін жасалған. Бірақ Елбасының жол картасы толық жүзеге асырылған жоқ.Нәтижесінде бұл елдің ғылыми әлеуетіне теріс әсер етті. Керемет өнертабыстар жасаған көптеген ғалымдармен таныспын. Бірақ олар біздің елде өз өнертабыстарын ешқашан толық еңгізе алмады немесе ғылыми дамыған елдерге барып, сол жерде өз әлеуеттерін жүзеге асыруға мәжбүр болды.

– Әдетте технологиялық құрылғыларды құру көп шығынды қажет етеді. Сіздің өнертабысыңызға қанша инвестиция салынды?

Біздің демеушіміз болуға тек «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы келісті. Бұл олардың айқындығы мен ашықтығына байланысты. Олар әлеуметтік ұйымдармен диалогқа түседі және олардың ұсыныстарын тексереді. Кейін талқылау жүргізіліп, ашық шешім қабылданады. Олар біздің шешіміміздің жоғары сұранысқа ие екендігіне көз жеткізгенде, оны мақұлдады. Олардың демеушілік есептері туралы ақпарат ашық түрде қолжетімді. Ал біз Ғылым қорынан бастап KPMG-ге дейінгі барлық ұйымдарға өтініш жіберген болатынбыз. Ол ұйымдар жасырын дауыс беруге сілтеме жасай отырып, өз шешімдерінің себептерін түсіндірмеді және үнсіз қалды.  Біз, 45 Брайль оқулығының алғашқы партиясын жаңа оқу жылының басында жіберуді жоспарлап отырмыз.

Қазақстанда басында жобаға қаражат табу қиын болды. Көптеген «инвесторлар» шын мәнінде ломбардтық тәсілді қолданады.Біздің барлық мүлкімізді кепілге қоюды талап ете отырып, жұмыстың көлеңкелі кестесін ұсынады.Тек ірі ақша табу көзін жасаумен ғана айналысуды мақсат етіп, біздің олардың көмегінен бас тартатынымызға таң қалады.

Сондықтан біз барлық күш-жігерімізді адал, ашық халықаралық ұйымдармен жұмыс істеуге бағыттадық.

– Зағип жандарға арналған тренажер қанша тұрады?

Зағип жандар үшін барлық тренажерларды тегін ұсынамыз. Өндіріс, оқыту және дамыту бойынша барлық шығындарды ESG инвесторлары өтейді. Олар сметаның әрбір элементін мұқият тексеріп, оны бекітеді. Мысалы, біздің электронды тактильді тренажерымызды зауытта шығару кезінде 3 штамптау матрицасы қажет. Біз Гуанчжоуда әрқайсысы үшін шамамен 10 мың доллар төлейміз. Бір матрица 100 мың дананы шығару үшін жеткілікті. Сондықтан, зағип жандарға арналған құрылғылардың жоғары өзіндік құнын ескере отырып, дамыған елдерде мұндай жобаларды мемлекет қаржыландырады.

– ТШО-мен жұмыс қарым-қатынасын орнатпас бұрын өзіңіздің жеке қаражатыңызды шығындаған боларсыз…

Әрине, бұл жобаны іске қосу үшін тек прототиптер жасауға 75 мың доллар жұмсалды: әрбір прототипке 25 мың доллардан. Менің достарым маған қаражат жинауға көмектесті.

– Сіз қазір инвестор іздеп жүрсіз бе?

Біздің жобамызды ESG-инвестициялау форматында қаржыландыруға дайын компаниялар бар. Мысалы, шетелдік инвесторлар біздің технологияларымызды пайдалана отырып, нашар көретін, зағип жандар үшін жаңа мамандықтар мен жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелерді өзімізге алған жағдайда, біздің дамуымызға инвестиция салуға дайын. Біз, қазірдің өзінде, осындай кәсіптерді құру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл өте маңызды болуының себебі: егер зағип жандар жұмысқа орналасса, олар сапалы өмір сүріп қана қоймай, мемлекетке пайда әкеледі. Атап айтқанда: кедейлік деңгейі төмендейді, бюджетке аударымдар өседі. Осылайша, әлеуметтік жобаға миллиондарды инвестициялай отырып, мемлекет миллиардтарды үнемдеп, тарта алады.

– Сіздің жаттығу құрылғыңызды жетілдіру жоспарларыңыз бар ма?

– Әрине, біз бұл технологияны жетілдіруге ниеттіміз. Біз АҚШ-тағы көптеген мамандандырылған ұйымдарды инновациялық жобаларымызбен таныстырдық. Бірден әртүрлі Штаттардың бірнеше губернаторлары өздерінің зағип азаматтарын тренажерлермен қамтамасыз ету үшін келісім-шарт жасасу рәсімін бастауды ұсынды.

Сондай-ақ, олар біздің аппараттарымызды басқа да аурулары бар зағип жандарға бейімдеуді сұрады. Мысалы, церебральды сал ауруы және көру қабілеті терең зақымдалған балалар үшін және т.б. Қытайлық зағиптар қоғамы бізден зағип жандарға арналған білім беру жүйесін толықтай жаңадан құруды сұрады. Бұл олардың иероглифтерін Брайльдің 64 шектеулі нұсқасында сыйғызу мүмкін еместігін түсінеді. Құран туралы білімді насихаттау жөніндегі халықаралық ұйымдар зағиптарға Құран оқуға мүмкіндік беретін өзін-өзі үйрету құралын жасауды сұрады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Халық банк жапа шеккен әскерилерге көмектеседі

Сен Там 28 , 2021
Оқылды: 1  534 Halyk Bank Жамбыл облысындағы әскери нысанда болған жарылыстан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты. Арнайы таратылған баспасөз хабарында: “Halyk Bank басшылығы мен банктің мыңдаған адамнан тұратын ұжымы атынан Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан мезгілсіз қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Бұл қайғылы оқиға ТЖМ, әскери […]