Терроризмнің алдын алу аса маңызды

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан Бірінші Орталық Азия — Еуропалық Одақ саммитіне Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттерімен қатар еуропалық тұлғалар да қатысты.

Саммитте сөз сөйлеген Еуропалық Кеңес төрағасы Антонио Коста өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын айтты:

«Қазіргі халықаралық жағдайда көпжақты байланыстар мен ынтымақтастықтың маңызы өте зор.
Біздің кездесуіміз Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның барлық саладағы ынтымақтастығын кеңейтуге, бейбітшілік пен жаһандық тәртіпке деген ортақ ниетімізді нығайтуға ықпал етеді».

Коста сондай-ақ жалпы қауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, көптеген қауіп-қатерлерге, атап айтқанда, Орталық Азия мен Еуропаға таралуы мүмкін терроризм, экстремизм және есірткі тасымалын, алдын алу жолдарына назар аударды.
Нәзия Жоямергенқызы, Самарқанд, Өзбекстан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Qazaq Unity Cup: АҚШ-тағы қазақтарды біріктірген тарихи турнир

Бей Сәу 24 , 2025
Оқылды: 71 2024 жылдың қараша айында Америка Құрама Штаттарында тұңғыш рет қазақтар арасында ұйымдастырылған футбол турнирі – Qazaq Unity Cup сәтті өтті. Бұл тарихи іс-шара Калифорния штатындағы Ирвайн қаласында ұйымдастырылды. Турнирге Лос-Анджелес, Сан-Диего, Сакраменто, Сан-Хосе, Хьюстон, Чикаго және Лас-Вегастан келген қазақ командалары қатысты. Жарыс бір күнге созылып, жоғары деңгейде өткізіліп, […]

Шұғыл!