Тарихы терең Ая-София мешіті

Түркия мемлекетіндегі алып ғимарат Айя-София мешітін әлем танитыны белгілі. Бірақ бұдан бқлек бұл елде тағы екі Айя-София мешіті бар екен.

Бірі Ыстамбұл қаласында орналасқан. Ендігісі бұрынғы Никея, қазіргі Изник қаласында орналасқан. Сырт көзге жұпыны көрінгенімен әр тасында тарих бары бірден сезіледі. Ғимарат VI ғасырда византиялық император Юстиниан I-нің бұйрығымен шіркеу ретінде салынған. XIV ғасырдан бері мешіт ретінде қолданыста. 1922 шылы ғимарат өртенген еді. Бүгінге дейін тек шатыры ғана жөндейден өткен. Ал ғимараттың сүйегі бәз-баяғы қалпында сақталған. Қабырғаларда сол дәйірге тиесілі жазулар мен белгілері де әлі күнге дейін өшпеген. Өрттен қалған іздер де көп. Мешіт тарихи ескерткіштер қатарында болған соң мұнда келушілердің де қарасы қалың.

Нұрлан Әбдікәрім,
«Хабар» телеарнасының тілшісі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркиядағы 600 жылдан асқан Ұлы Джами мешіті

Жұм Мау 21 , 2024
Оқылды: 553 Бұл – 600 жылдан асқан Ұлы Джами мешіті, Сұлтан Байезид тапсырысымен салынған. Тәмсілге сүйенсек, Сұлтан Байезид «Егер мен Сірбсінді соғысында жеңіске жетсем, 20 мешіт салдырамын дейді. Айтқанындай, ол жеңіске жетеді. Бірақ уәдесін бірден орындамайды. Өйткені экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Тек 3 жыл өткен соң ғана құрылыс басталады. Алайда ол […]