Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде оқу жылын қорытынды тексеруі жүргізілуде. Аталмыш шараға Қарағанды гарнизонына қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері де тартылған. Ел әскеріндегі жауынгерлік дайындықтың нақты жай-күйін, жеке құрамның даярлық деңгейін анықтау осы айдың басында бастау алған. Тексеру жұмыстарының негізгі мақсаты – әскери қызметшілер мен басқару бөлімшелерінің […]